NIS оқушылары Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 16 медаль жеңіп алды

Елордада математика, физика және информатика бойынша XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO) аяқталды. Білім додасына әлемнің 15 елінен 700-ге жуық оқушы қатысты. Бес күнге созылған байқау 2 турдан тұрды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 5 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

Қатысушылар арасында Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия, Моңғолия және Қазақстанның озат оқушылары болды.

Қатысушылардың білімін қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев бастаған топ бағалады. Халықаралық қазылардың тапсырмалары жоғары стандарттарға негізделген.

Айта кетейік, олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданы ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ ұйымдастырды.

Математика бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

1 орын – Алматы қаласының физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Әли Еркебұланұлы және Эльдар Үсенов.

2 орын – Ақтау NIS оқушысы Дамир Нұрланов, Алматы қаласының физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Санжар Ержанов пен Ильясгиджуани Егеубаев

3 орын – Павлодар NIS оқушысы Арман Баймағамбетов

Физика бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

1 орын – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Әмірбек Азатбеков, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Бекасыл Елубай

2 орын – Атырау NIS оқушысы Батырхан Шеруен

3 орын – Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Арғын Сейтқамит және Дамир Құрман, Семей NIS оқушысы Мирас Әмірбеков

Информатика бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

1 орын – Семей NIS оқушысы Асқар Акежан

2 орын – Павлодар NIS оқушысы Жасын Егнай

3 орын – Қостанай NIS оқушысы Александр Ершов, Семей NIS оқушысы Арнұр Нұрғазин