Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Өмірзақ Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсында бес бірдей бірінші орынға қол жеткізді.
Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Арман Аккузов тарих пәнінен олимпиадаға бірінші рет қатысуда. Ол бұған дейінгі жылдары білім сынағында орыс тілінен білім таластырған.
Желілік олимпиаданың бесінші күнінде қатысушылар әлем елдеріне саяхатқа аттанды, себебі бүгін олар ағылшын, француз, неміс тілдерінен, сондай-ақ тарих пен құқық негіздерінен білім таластырды.
Бесінші күннің қызық оқиғасы – ағылшын тілі секциясында Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептен бірден үш Аружанның қатысуы– Аружан Жақсылық, Аружан Досходжаева, Аружан Нұрманова.