Елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін оқушыларды конкурстық іріктеу мерзімі ауыстырылды.
Бүгін желілік олимпиада партасына Зияткерлік мектептердің 700-ден астам оқушысы отырды, олардың ең үздіктері республикалық додада NIS намысын қорғайтын болады.
Педагогикалық шеберлік орталығының айрықша сұранысқа ие «Шабыт» жобасының кезекті жаңа кездесуі ақпан айында 90 жылдық мерейтойы аталған еліміздегі мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақтың көрнекті лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналды.