Жаңалықтар

Екінші күн. Атырау: Командалық рухымыз мызғымас берік


Мектептегі бүгінгі атмосфера кешегіге қарағанда әлдеқайда жайлы. «Барлық істе ең қиыны – бастау» деп тегін айтылмаса керек. Білім додасы кеше басталды, алғашқы гонг соғылды, ең қызығы алда. Десек те, жеңіл толқыныс сезіледі. Оқушылардың біреуі кітап беттерін ақтарып, тестке дайындалып отырса, енді біреуі алаңдау үшін әлеуметтік желіде отыр.

– Бұл менің география пәнінен төртінші олимпиадам. Сондықтан, уайымдап тұрған жоқпын. Менің Ақтөбедегі NIS-те қарсыласым бар. Екеуміз республикалық, халықаралық олимпиадаларға үнемі бірге қатысамыз. Оның да осал еместігі маған мотивация береді», – дейді 12-сынып оқушысы Алишер Коспанов.
 
Оқушылардың жан-жаққа тараспай, бірінші кезеңді қорытындылап, екінші кезеңге бірге дайындалып отырғандары көзге көркем, көңілге қонымды сәт болды. Командалық рух ерекше сезілді.


Қаралым: 51
Жарияланған: 24 Ақпан