Жаңалықтар

Педагогикалық өлшемдері орталығы бағалау бойынша эксперттерге арналған семинар бастайды


 

2012 жылының мамырдың 31 күні сағат 09.00-да Астана қаласындағы бағалау бойынша эксперттерге арналған бағалау процедураларды өңдеу оқытатын семинар басталуда


Семинардың ұйымдастырушы – Педагогикалық өлшемдерінің орталығының бағалау басқармасы, басты мақсаты мұғалімдердің және тренерлердің іс-әрекетін бағалауы және олардың сертификациясы. Оқуды, Педагогикалық шеберлік орталығының (одан әрі- ПШО) тренерлердің қатарынан, конкурс таңдауының нәтижесінде анықталған және 2012 жылдың сәуірінде Кембридждің Халықаралық Емтихан Кеңесінің (одан ары - КХЕК) эксперттерінде оқытылған, 32 эксперт өтеді. Барлық кандидаттардың 10 жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар адамдар және көбісі шетел білім бағдарламаларымен жұмыс істеу тәжірибесі бар жоғары білікті мұғалімдер.


Бұл семинарда мұғалімдер мен тренерлерді суммативті және формативті бағалау үрдісін, олардың портфолиосын сыни бағалауын және де өзінің эксперт портфолиосын дайындауын қамтитын бағалау процедурасы өңделеді. Семинардың негізгі бөлігі Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерімен бірге болатын тәжірибелік жұмысқа арналады. Сонымен қатар, мұғалімдер презентациясын бағалаудың, біліктілік емтиханының және ПШО тренерлерінің мұғалімдерді бағалауының бөлімдері қарастырылады. Семинарда  кейінгі бағалауды өңдеуге арналған дайын бағалау критерийлерінің және әрекеттегі зерттеудің Жобалары болады. Сабақтарды өткізу тілге байланысты бөлінген кіші топтарда (15 адам) «face to face» (бетпе бет) аудиторлық түрде өткізіледі.


Семинар аяқталғаннан кейін эксперттер, сауалнама нәтижесінен алынғандай, өздері ешқашан тұрмаған, оқымаған және жұмыс істемеген өңірлерге ПШО бағдарламасының 3 Деңгейі бойынша оқыған тренерлер мен мұғалімдерді бағалау үшін жол жүреді. 17 қаланың 27 орталығында 119 топта (60 - қазақ тілінде оқитын, 59 - орыс тілінде оқитын ) 3486 мұғалім оқытылады. Мұғалімдер үшін біліктілік емтиханы 2012 жылдың 23 шілдесінде болады. Содан кейін КХЕК мамандары 6 апта бойы мұғалімдерге, тренерлерге және эксперттерге қорытынды баға береді. Бағалау нәтижесінде мұғалімдерді, тренерлерді және экспеттерді сертификациялау ұсынылады.


Қазір «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Кембридж Университетімен бірге республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдерінің біліктілігін көтеруінің жаңа сапалық тәсілде негізделген бағдарламаны жүзеге асыруда. Оның ерекшеліктерінің бірі оқудың бағалау нәтижелерін мен оқыту үрдісінің бөлуі болып келеді. Оқытушылардың біліктілік деңгейін растау рәсімі мұғалімдердің біліктілігін жоғарылату түбірлі өзгеріс жүйесінің құрамдас бөлігі болады. Бағалау рәсіміне ҚР-ның жалпы білім беру мектептерінде мұғалімдерді жаңа оқыту методикаларын білім беруі жемісті және тиімді жүйесіне жетсін деп, мұғалімдердің және тренерлердің іс-әрекетін бағалауы кіреді.


Семинардың өту мерзімі: 2012 жылы мамырдың 31-нен бастап маусымның 2-не дейін

 

Баспасөз-релизі


 



Қаралым: 5852
Жарияланған: 24 Мамыр