Жаңалықтар

Мектептік бағалау қабілетін трансляциялау


 

18 мамырда  Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік  мектебінде  мектептік бағалау қабілетін  трансляциялау бойынша  семинар басталды.



18 мамырда Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Кембридж Университеті Халықаралық  емтихан кеңесі (КХЕК)  кеңесшілерінің  қатысуымен  түлектерді қорытынды бағалау үшін спецификация әзірлеу,  мектептік бағалау қабілетін трансляциялау бойынша семинар басталды. Семинарға Астана, Көкшетау, Талдықорған, Семей және Өскемен қалаларындағы Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  мұғалімдері қатысуда.

 

         

Оқу сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін созылады. Бұл семинар мұғалімдерді бағалау құралдарын әзірлеу бойынша  дайындықтан өткізуге бағытталған. Оқу төмендегі сауалдарға жауап іздейді:


- Бағалау дегеніміз не?
- Жақсы бағалау неден тұрады?
- Бағалау процедурасы қалай жүзеге асырылады?
- Тестік тапсырмалардың спецификациясы қалай  әзірленеді?


Семинар  барысында  мектептік бағалаудың тәсілдері де талқыланатын болады. Бұл кезеңде  аталған  бағытта қолданылып жүрген құралдар қарастырылады. Сыни тұрғыда бағалауды енгізу де бағдарламаның негізгі  құрамдас бөлшегі болып саналады. Ол ақпараттық және жинақтық  бағалаудан тұрады. «Біз жинақтық немесе  қорытынды бағалау мектептер бойынша бесінші, оныншы, он бірінші және он екінші  сыныптардан соң  қолданылатын болады деп шештік», - дейді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім сапасын бағалау департаментінің директоры Ольга Можаева. Оның сөзіне қарағанда бесінші және оныншы сыныптан соң бағалауды Педагогикалық өлшемдер орталығы жүргізеді, он бірінші және он екінші сыныптардан соң кейбір пәндерде тәуелсіз компания бағалайтын болады. Бұл кезеңде бағалауды Кембридж Университеті жүргізетін болып шешілді. 

 

          


Семинардың сарапшылары Кембридж Университеті Емтихан кеңесінің мамандары - Диттани Роуз, Эндрю Чэндлер - Греватт  және  Кристин Кейли.  Олардың  пікірінше  біздің  мұғалімдер жоғары білікті және  өз істеріне берілген жандар. «Мұғалімдер үнемі  жақсы  сұрақтар қояды. Бұл мені қуантады, тіпті кейбіреулері мені жақсылап ойлануға  мәжбүрлейді», - дейді  Эндрю Чэндлер - Греватт. «Өз басым Назарбаев Зияткерлік мектептері іс жүзінде бағалаудың бұл тәсілін қолдану бойынша теңдессіз тәжірибе жинайды деп есептеймін», - деп атап өтті ол. Түлектерді қорытынды бағалау үшін спецификация әзірлеу, мектептік бағалау қабілетін трансляциялау бойынша семинар 2012 жылдың 18-24 мамыры аралығында өтеді.

 

Семинар бағдарламасы

 

 

 



Қаралым: 4797
Жарияланған: 24 Мамыр