Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы жаңа Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды


 

           

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында білім беру үдерісін модернизациялаудың қажет екендігін атап өткен болатын. Жоғарғы білім беру жүйесінде елдің өзге ЖОО-ның дамуы үшін «болашақтың моделі» болып саналатын Назарбаев Университеті жұмыс істеп тұр. Орта білім беру жүйесінде үздік халықаралық білім беру бағдарламаларын сынақтан өткізу және енгізу үшін тәжірибе алаңдары болып есептелетін Назарбаев Зияткерлік мектептері жұмыс істейді. «Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде «Назарбаев Университеті» мен «Зияткерлік мектептері» табысты жұмыс істеуде. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет», - деп атап өткен еді Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында.


Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласында салынып жатқан физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды. Бүгінде Қазақстанда елдің 5 аймағында: Астана (2 мектеп), Талдықорған, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында 6 Назарбаев Зияткерлік мектебі қызмет жасап тұр. Оралдағы мектеп ел Президентінің тапсырмасымен салынған жетінші Зияткерлік мектеп болмақ.

Мектеп соңғы үлгідегі әдістемелермен жабдықталған. Мәселен, "Activ Тable" деп аталатын көп функционалдық үстел оқушылардың терең білім алуына ықпалы зор.  Үстелде бір уақытта мұғаліммен 6 оқушыға дейін жұмыс істей алады. Аталмыш «Активті устел» пәндер бойынша сабақтарғада, ғылыми жобаларды өндеугеде, шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін де колданылады. «Active Table» балалардың командамен жұмыс істеу қабылетін арттырады. ЗD экраны бар заманауи оқу құралына химия, биология, физика және математика пәндерінің бағдарламалары енгізілген. Айта кету керек, мұндай оқу құралы әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет қолданылып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев интерактивтік тақтаның мүмкіншіліктерін алғаш болып сынады.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Біз талантты жастарды тәрбиелеуіміз керек. Осы интеллектуалдық, зияткерлік мектептің жасап жатқан бағдарламаларын басқа Қазақстанның барлық мектептеріне тарту мәселесі алдымызда тұр. Бұл жерде технологияны зерттейміз, дүниежүзінің тәжірибесін зерттейміз. Осы мектептерде балаларды оқытамыз. Оқытып шыққаннан кейін бұл балалардың деңгейін ертең халықаралық университеттерге түскен кезде білетін боламыз. Осы арқылы келе жатқан барлық жастардың, ұрпақтың деңгейін, білімін көтеріп, дүниежүзінің азаматы ғып дайындау алдымызда тұрған міндет болып саналады.


Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне  құжат қабылдау мен конкурстық іріктеу 2011 жылдың 12 қыркүйегі мен 27 қазаны аралығында өтті. Жаратылыстану - математика бағдарламасы бойынша оқуға қабілетті балаларды іріктеу оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтетін 7,8,9 сыныптарға арналды. Тұңғыш Президент - Ұлт Көшбасшысының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін шектік ұпайды 336 бала, соның ішінде ауылдық жерлерден 108 бала иеленді. 2012 жылдың 26 қаңтарында ҚР БҒМ-де білім беру грантын тағайындау бойынша Республикалық комиссияның отырысы өтті. Іріктеу нәтижесі бойынша Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу үшін «Өркен» грантының иегері болып 336 оқушы танылды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде конкурстық іріктеуден өткен тек қана жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Орал қаласындағы

Зияткерлік мектепке 58 қазақстандық педагог таңдалды, сонымен бірге 16 шетелдік мұғалімді тарту көзделуде. Мектеп жобасы «Ракурс-S» ЖШС жобалау компаниясы тарапынан әзірленген. Мектептің құрылыс жұмыстарын бас мердігер «СПП «Металлоизделия» ЖШС жүргізуде.


Өз типі бойынша жаңа мектеп бүтін күн жұмыс істейтін мектеп болмақ. Білім мекемесі 600 оқушыға арналған 54 сыныпқа есептелген. Мектеп қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен, смарт-сыныптармен, интерактивті тақталармен, физика, химия, биология, нано және биотехнология бойынша кеңейтілген лабораториялармен, сондай-ақ робототехника, техникалық моделдеу, технология және өнер, мемлекет және құқық негіздері мен  басқа да кабинеттермен жабдықталған. 


Сонымен бірге, мектепте «TV NIS» жастар телестудиясы, кинозал және минитипография жұмыс істейтін болады. Орал қаласындағы Зияткерлік мектептің басты ерекшелігі, онда 120 орындық интернат қызмет жасайды. Алыс аудандардан келген балалар үлкен және жанға жайлы интернатта тұруға мүмкіндік алады. Бұл да Елбасының келешек ұрпаққа деген қамқорлығы, - дейді тұрғындар. Жаңа мектепте жаттығу залымен бірге спорт - сауықтыру блогы, 15 мың кітап сақтай алатын кітапхана, асхана, медициналық бекет, мәжіліс залы және басқа да мүмкіндіктер қарастырылған. Қазіргі таңда 15 мектептің жобалау және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын келешекте Назарбаев Зияткерлік мектептері Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын болады.
 



Қаралым: 5711
Жарияланған: 14 Мамыр