Жаңалықтар

Оқушыларды конкурстық іріктеуге арналған жаңа тест


 

Стратегиялық серіктестік шеңбер аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Cito (Нидерланды) Педагогикалық өлшеулер институты оқушыларды конкурстық іріктеуден өткізудің жаңа жүйесін енгізу, әзірлеу және апробациядан өткізу жобасын жүзеге асыруда.

 

    
   

Достық қарым - қатынас аясында Cito пән эксперттері мұғалімдердің дайындаған тапсырмаларына талдау жасап, қателіктерін анықтап оларды түзету жолдарын көрсетті. Анықталғандай, тест тапсырмаларын дайындау технологиясында бұрынғыға қарағанда көп өзгешелігі бар. Сонымен бірге, тест сұрақтары оқушының тек білімін ғана емес, оны қолдана біле алуын тексереді. Соған орай, жауап нұсқалары басқаша құрылады. Cito эксперттері жауап нұсқаларын таңдауда логикалық негізге сүйенуін ұсынады. Тест тапсырмаларын толыққанды дайындау үшін мұғалім тек қана қызықты мәтін таңдамай, сонымен бірге оның өмірмен байланысын, дұрыс және бұрыс жауаптарының нұсқаларын ойластыруы қажет. Барлық жауап нұсқалары белгілі логикалық тәртіпте болуы керек - алфавит бойынша, өсуі бойынша. 

   

     

 

 

 

 

 

Білім сапасын бағалау департаменті және Педагогикалық өлшеулер орталығы жобаларды жүзеге асыру жоспарына сәйкес 13 және  20 сәуір аралығында пән мұғалімдерімен конкурстық іріктеуге дайындалған сұрақтарды сараптау нәтижесін талқылауға арналаған екінші семинар өткізді. Семинар барысында Cito (Нидерланды) Педагогикалық өлшеулер институтының жоғары білікті  4 эксперті қатысты: Хенк Муландс (Халықаралық келісім департаментінің директоры, жоба жетекшісі), Руд Столвяйк (математик), Эстер фан Ло (тіл маманы) и Аннеке де Граф (тіл маманы).

 

    

 

Семинар соңында математикадан,  қазақ тілінен, орыс және ағылшын тілдерінен бірнеше тест нұсқалары әзірленді. Қазақ және орыс тілдерінен екі тест дайындалды: қазақ тілінде оқитын оқушылар қазақ тілін ана тілі ретінде, ал орыс тілін екінші тіл ретінде тапсырады. Осылар, орыс тілінде оқитын оқушыларға да қатысты - орыс тілі ана тілі ретінде, қазақ тілі - екінші тіл ретінде. Тест нұсқалары Нидерландыда қосымша сараптамадан өтіп, осы жылдың қыркүйек айында апробацияға дайын болады.



Қаралым: 11383
Жарияланған: 04 Мамыр