Жаңалықтар

Мониторинг жүйесіне алғашқы қадам жасалынды


 

19 және 26 сәуір аралығында Назарбаев Университетінде Білім сапасын бағалау департаменті және Педагогикалық өлшеулер орталығымен бірлескен Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының оқу жетістіктерін мониторингтеу жүйесін әзірлеу бойынша семинарлар сериясының екінші семинары өткізді.

 

      

 

Қазіргі кезде  Cito (Нидерланды) Педагогикалық өлшеулер институтының математик эксперттері және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің пән мұғалімдерімен бірге берілген жүйені құруда бірінші қадам жасалынды. 7 және 11 сыныптарында математика пәні бойынша кіріспе мониторингтің тапсырмалары әзірленген және тексерілген.Сонымен бірге, осы сыныптардың аралық мониторингісіне тест тапсырмаларын дайындау жұмысы басталды.

 

       

Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін барлық сыныптағы оқушылардың жетістіктерін бақылау маңызды. Жүйенің мақсаты мұғалімдерге диагностикалық ақпарат алуға және сол ақпаратты оқушылардың қажеттілігіне сәйкес білім беру үрдісіне сәйкес түзетіп отыруға мүмкіндік береді.Мониторинг жүйесін дайындау бір жылдың жұмысы емес. Мониторингті өткізу жылына үш рет жоспарланған: кіріспе мониторинг (алған білімін кескіндеу), аралық мониторинг (мониторинг, жылдың ортасында оқушының жетілуін анықтау мақсатында жүргізіледі) және қорытынды мониторинг (жыл аяғында қорытындылау мақсатында өткізіледі).

 

 

              

 

Біртіндеп бұл жүйе Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық сыныптарына таратылады. Келесі жылдары басқа бейінді пәндерді енгізу жоспарлануда: физика, химия және биология.

 
 



Қаралым: 4356
Жарияланған: 04 Мамыр