Жаңалықтар

«Маған өмір сыйла» атты қайырымдылық акциясы


 

   

 

Бүгін Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылардың өзін - өзі басқару  ұйымы лейкемиямен ауыратын екі жасар Лиза Грачеваға арнап «Маған өмір сыйла» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Қазір кішкентай қызға сүйек кемігін алмастыру үшін  тез арада өте қымбат тұратын операция жасалуы керек. Мектеп оқушылары Лизаға жәрдем көрсетуден тыс қалмай, оның өмірін сақтап қалу үшін өз үлестерін қосты. Есіл өзенінің  жағалауында ұйымдастырылған флэш-мобта оқушылар өздері салған суреттер мен қолдан жасаған бұйымдарын, үйде пісірген астарын әкелді. Сонымен бірге қайырымдылық  шарасы  аясында кітап жәрмеңкесі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Бұл акцияны ұйымдастыру идеясын Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 «Д»  сынып оқушысы Катя Медетская ұсынды. Оның  бастамасын құрбылары мен мектеп ұжымы қолдады», - дейді мектеп психологы Айгүл Өксікбаева. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жиналған  барлық қаржы Лиза Грачеваның  ата - анасына  берілетін болады.

 

    

 



        
 



Қаралым: 6330
Жарияланған: 02 Мамыр