Жаңалықтар

Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгейінің бірінші кезеңі аяқталды.


 

28 сәуірде Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру Курстарының үшінші деңгейінің бірінші кезеңі аяқталды. Естеріңізге сала кетейік Курс бағдарламасы 4 сәуірде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов тарапынан бастатылған болатын. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университеті білім беру факультеті бірлесіп әзірлеген оқыту әдістемесі жобаға қатысушылар үшін мейілінше пайдалы және өнімді  болды. Олар үшін келесі кезең «қашықтықтан» өтеді, олар алған білімдерін өз мектептеріндегі тәжірибе кезінде қолданып көреді.

 


Естеріңізге сала кетейік кешенді Бағдарлама үш деңгейден тұрады. Әрбір деңгей өз кезегінде үш кезеңнен тұрады, бірінші және үшінші кезеңдер «аудиториялық», ал екінші кезең - «қашықтықтан». Қазіргі таңда  мұғалімдер үшінші деңгейдің  бірінші «аудиториялық» кезеңін аяқтады. Әрбір кезең бір айға созылады, бұл мерізімде мұғалімдерге оқу демалысы беріледі. Екінші кезеңде - қашықтықтан өтетін кезеңде мұғалімдер  жаңа әдістемемен алған білімдерін  тәжірибеде қолданады, өз сабақтарын видеокамераға жазып алады. Бұл материалдарды олар үшінші «аудиториялық» кезеңде көрсетеді.

 

    
«Егер мұғалім бағдарламаның екінші кезеңінде сабақты тиімді жоспарлай алса, сабақ барысында кездескен қиындықтарды өз күшімен жеңе алса және бұл қиындықтарды жеңуге баға бере алса, онда педагогты ойлана білетін, рефлексия жасайтын және бұл бағыттағы табанды жұмысқа  дайын деуге болады», - дейді Педагогикалық  шеберлік орталығы  директорының орынбасары Бақты Балғымбаева.

 

 

Қашықтықтағы кезең мерізімінде мұғалімдердің жеке жұмыс үдерісін үйлестіру және оларға жәрдем жасау үшін Педагогикалық шеберлік орталығының www.cpm.kz  сайтында интерактивті  білім беру платформасы жасалған. Желілік қауымдастықта  жобаға  қатысушылар үшін арнайы топ жұмыс істеп, қолданушылар үшін форум ашылады, электронды оқу материалдарды орналастырылады. «Курсанттар болып жатқан оқиғаларға байланысты өз көзқарастарымен бөлісуге желіде мүмкіндік алады, олар өзара әңгімелесіп, өз тренерлеріне түсініксіз мәселелер туралы сұрақтар  қоя алады. Міне, дәл осындай режимде бағдарламаның  қашықтықтан оқыту кезеңі өткізіледі», - дейді Бақты Балғымбаева.

 


ПШО тренерлерінің бірі Жанна Шымырбаева оқып жатқандар туралы  өз пікірімен бөлісті:
-Үшінші деңгейдің бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша мен мұғалімдердің ойлау жүйесі шынымен де өзгергендігін айта аламын. Біз басты міндетті орындадық, мұғалімдерге  жаңа әдістеме мен оқу технологиясын  үйрете алдық. Көптеген педагогтар оларды іс жүзінде сынап көруге асығуда. Олар сабақтарға зор ықыласпен қатысты, тіпті кейбіреулері өздеріне ноутбук сатып алып, оларды оқу үдерісінде  белсенді түрде қолданды.


Естеріңізге  сала кетейік, Педагогикалық  шеберлік  орталығындағы біліктілік арттыру Курстарында 30 адамдық 8 топ білім алды. Әрбір топпен тренерлер жұмыс істеді,  олардың басты міндеті  педагог  оқушылардың  көмекшісі және үйлестірушісі болып табылатын сабақтардағы жаңа бастамаға  мұғалімдерді үйрету еді.  Әрбір өткен деңгей үшін мұғалімдердің еңбекақыларына үстеме қосылады. Әрбір деңгей бойынша біліктілік емтиханын табысты өткізген жағдайда үшінші деңгейден өту педагогтың жалақысын 30 пайызға, екінші деңгейден өту 70 пайызға және бірінші деңгейден өту 100 пайызға көтеруге мүмкіндік береді.




 



Қаралым: 7605
Жарияланған: 02 Мамыр