Жаңалықтар

Жас мұғалімдер ПШО да біліктіліктерін көтереді!


 

Бастауыш сынып мұғалімі Ильмира Қалиева мен тарихшы Сергей Ивашев жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін мамандар. Педагогикалық шеберлік орталығындағы біліктілік арттыру Курсына олар Шымкенттен келді. Қазіргі кезде жастар педагогикаға онша құштар емес деген,  қалыптасқан  пікірге қарамастан, біздің кейіпкерлер бұл жолды әу бастан-ақ таңдапты. Ильмира мен Сергей жас болғанымен кәсіби даму мен шығармашылық ізденіс барысында қандай табыстарға жетуге болатындығына нақты мысал бола алады.


Жастарға қатысты маңызды сұрақ,  сіздер неге  мұғалім мамандығын таңдадыңыздар?


Ильмира: - Мен әрқашан мұғалім болуды және кішкентай балалармен жұмыс істегенді армандағанмын. Өз мақсатыма мен жыл санап жетуге асықтым. Ол үшін көптеген әдебиеттер оқыдым, шешендік өнермен шұғылдандым, бір сөзбен айтқанда өзімді жетілдіру үшін табанды түрде еңбек еттім. Бастауыш сыныпта оқып жүргенде өз мұғаліміме ұқсағым келді, ол кісіні маған анам үлгі етіп айтатын. Балалар мен үшін - үлкен қуаныш, оларға сабақ үйрету болса үлкен жауапкершілік. Энтузиазммен одан әрмен  жұмыс істеуге балалардың жағымды қайтарымын  сезінуім жәрдемдеседі.

Сергей: - Мектепте жүргенде  мен тарихты оқығанды жақсы көретінмін, оқиғалар мен даталарды тез жаттап алатынмын. Басында маған өз өмірімді мектеппен толық байланыстырғандай көрінбейтін. Бірақ, өндірістік тәжірибеден өткен соң, бұл іс маған ұнайтынын түсіндім және осы салада қалып қойдым.

 


Сіздер өз сыныптарыңызбен  қалай ортақ тіл табасыздар?


Сергей: - Бұрынғы  кездің оқушыларына қарағанда қазіргі балалардың психологиясы бөлек, олар қазір басқаша ойлайды және білімді де өзгеше сипатта меңгереді. Оларда көптеген артық мүмкіндіктері бар, балалар сабақта түрлі компьютерлік техникалармен жабдықталған. Қазіргі кезде мұғалім абсолютті ақпарат көзі ретінде рөл ойнауды қойды, енді ол балалардың түрлі іс-әрекеттерін реттеп отыратын, оларды бағыттап отыратын  үйлестірушінің рөлін ойнайды.

Ильмира: - Сергейдің айтқандарына қосарым, қазіргі балалар дарынды, шығармашылық тұрғыда ойлайды, белсенді және адамдармен тез тіл табысады. Олар жаңалыққа, оқылмаған салаларға ұмтылады, алған білімдерін  жеп - жеңіл меңгереді. Меніңше бұл өте тамаша қасиет. Олармен жұмыс істеу жеңіл.

 


Сіздер біліктілік арттыру Курстарында нені үйреніп жатырсыздар?


Сергей: - Бұл әдістеменің арқасында мен шын мәнінде өзім үшін көптеген жаңалықтар аштым. Соның ішінде балалармен жұмысты қалай ұйымдастыру керек, қандай критерилер бойынша баға қоюға болады, бұл критерилер қалай әзірленеді, балалардың өзге дүниелермен айналысып кетпеуі үшін оларды қалай «жүктеу» керек екендігін, оларды қалай ынталандыруға, қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға болатындығын, техниканы, тіпті ұялы телефонды да білім алу құралы ретінде қалай пайдалануға болатындығын үйрендім. Көптеген мектептерде ұялы телефонға қатаң түрде тыйым салынған, ал біз болсақ оқу үдерісі барысында оны мүмкіндігінше пайдалануға тырысамыз.

Ильмира: - ПШО және Кембридж университеті бағдарламасының әдістемесі өте ерекше. Бәрінен бұрын маған сыни тұрғыда ойлау технологиясы ұнады, өйткені ол  балалардың ойлау қабілетін дамыту үшін өте қызықты. Бұл методиканы менің жоғарғы қатардағы әріптестерім табысты қолданды, ал мен болсам оны бастауыш сыныптарда  пайдалануға қорқып жүрдім. Енді сыни тұрғыда ойлау тәсілін балаларға жастайынан үйрету керек екендігіне сенімдімін.

 


Қалай ойлайсыздар,  бағдарламаны игеруде қандай педагогтардың мүмкіндігі басым: тәжірибесі көбінің бе, жоқ әлде азының ба?


Сергей: - Білсеіз бе, маған университетте бір профессор өте тамаша фраза айтқан еді: «Сергей, есіңде болсын, жас мұғалім деген  жаман мұғалім деген сөз емес, егде мұғалім де үнемі жақсы маман бола бермейді». Оқыту  үдерсіндегі жаңа тәсілдер мен технологияларды кез-келген жастағы мұғалім игере алады. Бұл жерде тек  мұғалімнің қандай да бір жаңалықты игеруге деген құштарлығының болмауы ғана кедергі жасайды. Мұғалімнің жасына байланысты жалғыз кедергі, «ескі гвардия» АКТ меңгеруде қиындықтарға  кездесуі мүмкін.

Ильмира: - Мен Сергеймен келісемін. Барлық мәселе тек педагогикалық өтілде тұрған жоқ. Бәрі адамның  жеке қасиеттеріне байланысты, ол сөз жоқ туа біткен қасиеттер ғой. Сөз жоқ, өтіл мен көптеген сағаттық тәжірибе тек жағымды әсер етеді, бірақ бастысы балаларға қандай да бір жаңа дүниені үйретуге деген құлшыныс пен адамның қалауы ғана. Біз балалардың партада отырып, қолдарын көтеруіне үйреніп қалғанбыз, енді біз оқушының жеке тұлғасын бірінші орынға қоюымыз керек. Біздің оларды тыңдап және олардың өз қабілеттерін ашуына көмектесіп үйренуіміз керек. Міне, ең басты артықшылық осында.

 


Баланы алған біліміне ынталандыру үшін  не істеу керек?


Сергей: - Алдымен оқушылармен байланыс жасаудың жолын табу керек, олармен бірге барлық сынып бағынатындай  тәртіптің бірыңғай  ережесін әзірлеу қажет. Олар егер біреу бұл ережені бұзатын болса, онда тұтас сынып пен мұғалімді де соңдарынан ертетінін түсінулері қажет. «Бәріміз үшін біріміз, біріміз үшін бәріміз» принципі. Дегенмен, біз әрбір оқушының жеке қабілетінің ашыла түскенін құптаймыз және қызықты тақырыптарды бірге талқылаймыз.

Ильмира: - Педагогтың тұлғасы көп жағдайда шешуші рөл ойнайды. Оның өз сыныбын қалай ұйымдастырып, қалай біріктіргеніне көп дүние байланысты болып келеді. Балалар өз мұғалімдерін құрметтеулері керек, ал мұғалім  өз кезегінде өз сыныбының пікірін тыңдауы қажет. Жақсы қарым - қатынастардың кілті өзара түсіністік пен  бірлескен  жұмыста жатыр.

 


Сіздер қай мұғалімге ұқсағыларыңыз келеді?


Сергей: -Қызметінің алғашқы жылында жас мұғалімнің міндетті түрде тәлімгері болуы керек. Менде сондай тәлімгер болды, ол менің сабақтарыма келетін, нақты кеңестер беретін. Біріншіден, мен оған ұқсағым келеді, себебі ол үлкен жұмыс өтілі бар мұғалімдердің бірі. Ол баларларға тек білім ғана үйретіп қойған жоқ, сонымен бірге олардың бойына еңбекқорлық, сабыр мен талап сынды қабілеттерді сіңірген жан.

Ильмира: - Мен біздің мектептің оқу ісі бойынша завучы Наталья Николаевна Смирнованы қатты құрмет тұтамын. Біз ол кісімен бірге бір кабинетте жұмыс істейміз, ол өте қайырымды адам және көмек керек болған кезде үнемі қасымыздан табылады. Мен өзімнің кәсіби дамуымда сол кісіге ұқсағым келеді. Мен өз мектебімде сондай тамаша жанды кездестіргеніме қатты қуанамын.

 


Қызықты әңгімелеріңізге рахмет!

 



Қаралым: 4822
Жарияланған: 02 Мамыр