Жаңалықтар

Іріктеу конкурсының бірінші сатысы аяқталды


 

1748 - міне Қазақстанның түпкір-түпкірінен дәл осыншама оқушы 2012-2013 оқу жылында  жұмыс істеп тұрған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбында  оқуға Тұңғыш Президент - Ұлт Көшбасшысының «Өркен» білім беру грантын тағайындау бойынша  конкурстық іріктеудің бірінші сатысына  қатысты.
 


16 сәуір, дүйсенбі күні   www.nis.edu.kz сайтының «ОҚУШЫЛАРДЫ ТАҢДАУ» бөлімінде тестілеудің бірінші сатысынан өткен оқушылардың тізімі жарияланды. Атап өтер бір жайт, үміткерлер конкурсты  жалғастыру үшін қажетті 60 баллдың 24 баллын жинауы керек еді. Алдын ала  деректер бойынша екінші сатыға 1439 адам жіберілді. Бүгін Назарбаев Зияткерлік  мектептерінде апелляциялық комиссия жұмыс істеуде. Апелляция ескерілген соңғы нәтижелер сайттың «ОҚУШЫЛАРДЫ ТАҢДАУ»  бөлімінде жарияланады.
 


Атап өтер бір жайт, бірінші сатыда мектептердің бағыттарына сәйкес профильді пәндер бойынша, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен үміткерлер кешенді тестілеуден өткізілді. Шегі – сұрақтардың жалпы санының қырық және одан да көп  пайызына жауап беру. Кешенді тестілеу 2012 жылдың  18 сәуірінде Астана (2 мектеп), Семей, Өскемен, Көкшетау, Талдықорған қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерде өтетін екінші  сатыға іріктеу болып табылады. 
 


Екінші сатыда мектептердің бағыттарына сәйкес профильді пәндер бойынша жазбаша емтихан өтеді. Білім және ғылым министрі жетекшілік ететін Республикалық комиссия үміткерлердің материалдарын қарауы нәтижесінде Тұңғыш Президент - Ұлт Көшбасшысының «Өркен» грантын тағайындау туралы ақырғы шешімді қабылдайды.

17.04.12 күнгі  жағдайдың кестесі

 

Мектептердің атауы
Оқу тілі
Барлық өтінімдер
Келмегендер
Біріншұі сатыға қатысқандар
Шектік ұпайды жинай алмағандар
2 сатыға жіберілгендер
Астана қ, ФМБ НЗМ
қазақ
212
1
211
39
172
орыс
104
0
104
18
86
Астана қ, НЗМ
қазақ
289
1
288
49
239
орыс
160
0
160
24
136
Көкшетау қ. ФМБ НЗМ
қазақ
130
0
130
29
101
орыс
35
0
35
7
28
Талдықорған қ. ФМБ НЗМ
қазақ
166
0
166
31
135
орыс
49
0
49
10
39
Семей қ. ФМБ НЗМ
қазақ
251
1
250
45
205
орыс
123
0
123
25
118
Өскемен қ. ХББ НЗМ
қазақ
176
1
175
36
139
орыс
57
0
57
16
41

 


 



Қаралым: 5027
Жарияланған: 24 Сәуір