Жаңалықтар

15 сәуірде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде іріктеу конкурсының 1 сатысы өтті!


 

Бүгін 2012 жылдың 15 сәуірінде жұмыс істеп тұрған Назарбаев Зяиткерлік  мектептерінің Астана (2 мектеп), Талдықорған, Семей, Көкшетау, Өскемен қалаларындағы 6 базасында 7-ші сыныптар үшін  2012 - 2013 оқу жылына арналған Тұңғыш Президенттің «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурстық іріктеудің бірінші сатысы өтуде.

 

    

 

Атап өтер жайт, бірінші сатыда үміткерлер мектептердің бағыттарына сәйкес профилді пәндер бойынша, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен кешенді тестілеуге қатысады. Кешенді  тестілеу екінші сатыға өтуге іріктеу болып табылады. Одан әрмен  конкурсқа жалпы сұрақтардың қырық және одан көп пайызына дұрыс жауап берген үміткерлер жіберіледі.

 

       

 

Алдын ала деректерге  қарағанда конкурстық іріктеуден өтуге өтінім берген үміткерлер саны өткен жылғыдан әлдеқайда көп. Бүгін оқушылар ғана емес, ата-аналар да алаңдаулы. Бүгінгі  басты міндет бірінші турдан өту болып тұр. Бұл конкурсқа қатысып жатқан оқушы Ғазиз Жұмабай мен оның әкесі Ғалымжан Жақсылықов өз ойларымен бөлісті.

 

      

Ғазиз Жұмабай, №66 орта мектептің оқушысы: - Мен Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге шешім қабылдадым, өйткені ол туралы көп естідім, жұрт онда ең үздік мұғалімдер, тіпті ағылшындар да бар деседі. Сонымен бірге маған сабақта жақсы компьютерлер қолданылады, жақсы  зертханалар бар, ал жазда мұғалімдермен бірге тіл курстары үшін шетелдерге шығуға да болатындығын айтты. Сондай-ақ, олимпиадашылар қатарына да кіргім келеді, әрине тілдер бойныша емес, керісінше физика немесе математика пәндерінен қатысқым келеді, бұл пәндерді мен жақсы көремін. Осы мектептен көптеген достар табатын шығармын деп ойлаймын. Кейін Назарбаев Университетіне түсу мүмкіндігім болатын шығар. Бұл менің арманым.         

Ғалымжан Жақсалықов, әкесі: - Біз тестілеуден өттік деп үміттенеміз. Меніңше балалардың осындай емтихандарға қатысып тұрғаны дұрыс,  өйткені, болашақта олар өз білімдерін сан мәрте дәлелдеуге тура келеді. Біз баламызды қай мектепке бергеніміз дұрыс дегенді көп ойландық, ақыры таңдау Астана қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсті. Біз ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан көп естідік, бірақ толық деректерді сайттан алдық. Балалардың  грант ұтып алып, тегін оқу мүмкіндігінің болуы қуантады. Әсіресе, бұл ауылды жерлерден келген  балалар үшін пайдалы  болады деп ойлаймын. Емтиханды  табысты  тапсырып, екінші турға өтеміз дегенге сенім артып отырмыз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Конкурстық іріктеудің екінші сатысы 18 сәуірде өтеді. Екінші сатыда мектептердің  бағыттарына сәйкес профильді пәндер бойынша жазбаша  емтихан өткізіледі. Білім және  ғылым министрі төрағалық ететін білім беру грантын тағайындау бойынша Республикалық комиссиясының үміткерлер материалдарын  қарауы нәтижесінде грант тағайындау бойынша соңғы шешім қабылданады.   

 



Қаралым: 4423
Жарияланған: 24 Сәуір