Жаңалықтар

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Қарулы күштерінің 20 жылдығына арналған үгіт поезының карсы алуы өтті


 

2012 жылдың 13 сәуір күні Өскемен қаласындағы химия - биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Қарулы күштерінің 20 жылдығына арналған үгіт поезының қарсы алуы өтті. Үгіт поездың қытысушыларын оқушылар мектеп ауласында ұлттық бимен қарсы алды.

 

 

Субұрақтың салтанатты маусымдық ашылуы да осы жерде өткен еді.  Ұйымдастырылған экскурсиядан кейін, поездың қатысушылары балалардың оқу жағдайларына жоғары баға берді. Оқушылардың қарулы күш өкілдерімен бірігіп қойған концерті іс-шараның шарықтау шегімі болды.

 

 

Осы концерт кезінде сәлемдесу сөзі үгіт поездың жетекшісі, ҚР әскери-теңiз күшінің қолбасшының орынбасары Амангелді Ибраевқа берілді. Өз сөзінде ол осы сияқты шараларға жастарды тартуды тырысатындарын айтты, себебі олар Қазақстан қарулы күшінің тарихын біліп мақтан тұтуы тиіс. Үгіт бригадасы құрамында 42 адам.

 

 

Олардың ішінде жаяу іскер, әуе қорғанысының күштерi, әскери-теңіз күштерінің өкілдері және де іс-шараға байланысты ауқымды концерттік бағдарламаны құрған ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблі музыканттары. Залға лықа толып отырған барша көрермендер сахна әрекетінің дамуын мұқият тамашалап отырды. Отаншылдық әндер мен өлеңдер,  спорт нөмірлер ешкімді де селқос қалдырмады, "батырлық сабағы" сәтті өтті - мектептің оқушылары республика әскерінің бейбіт Қазақстанды сақтауда маңызды рөлін түсінді.

 

Өскемен қаласындағы НЗМ Баспасөз - қызметі

 



Қаралым: 5061
Жарияланған: 13 Сәуір