2012 жылдың 12 сәуірінде жұмыс істеп тұрған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптары үшін 2012-2013 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурстық іріктеу үшін құжаттар қабылдау аяқталады. 2012 жылдың 11 сәуіріндегі деректер бойынша конкурсқа қатысу үшін 1465 адам өтінім берді. Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, Семей қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде және Астана қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқуға ең көп үміткерлер тіркелді. 1013 оқушы қазақ тілінде білім беретін сыныптарда оқуды, 452 оқушы орыс тілінде білім беретін сыныптарда оқуды қалайтындықтарын білдірді. Атап өтер бір жайт, құжаттарды қабылдау мерізімі 12 сәуір күні сағат 17.00-де аяқталады.
Конкурстық іріктеудің 1 сатысы - 15 сәуірде, 2 сатысы 18 сәуірде өтеді.
Бірінші сатыда үміткерлер мектептердің бағыттарына сәйкес профилді пәндер бойынша, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен кешенді тестілеуге қатысады. Кешенді тестілеу екінші сатыға өтуге іріктеу болып табылады. Одан әрмен конкурсқа жалпы сұрақтардың қырық және одан көп пайызына дұрыс жауап берген үміткерлер жіберіледі. Екінші сатыда мектептердің бағыттарына сәйкес профильді пәндер бойынша жазбаша емтихан өткізіледі. «Өркен» білім беру грантын тағайындау бойынша Республикалық комиссиясының үміткерлер материалдарын қарауы нәтижесінде грант тағайындау бойынша соңғы шешім қабылданады.
Өткен жылдың жаңа бастамасы болып шектік ұпайды жинаған балалардың резервтік тізімін бекіту танылды. Егер бос орын шыға қалған жағдайда резервтік тізімдегі үміткерлер Зияткерлік мектептерде ағымдағы оқу жылына конкурстан өтпей-ақ оқуға шақырылады.
2012 -2013 оқу жылындағы 7 сыныптарда оқуға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі іріктеу байқауына қатысу үшін құжаттар тапсырған үміткерлердің саны туралы ақпарат (11.04.2012)
№
|
Мектептің атауы
|
Құжаттар тапсырған үміткерлердің саны
|
||
Қазақ сыныптары
|
Орыс сыныптары
|
Барлығы
|
||
1
|
Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі |
241
|
142
|
383
|
2
|
Астана қ. физика- математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
155
|
91
|
246
|
3
|
Талдықорған қ. физика- математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
148
|
43
|
191
|
4
|
Көкшетау қ. физика- математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
114
|
33
|
147
|
5
|
Семей қ. физика- математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
203
|
100
|
303
|
6
|
Өскемен қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
152
|
43
|
195
|
|
Барлығы
|
1013
|
452
|
1465
|