Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім гранты

«Өркен» білім беру гранты


2020 жылғы 15 қазан күні Білім және ғылым Министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия отырысының нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020-2021 оқу жылында
7 сыныптан бастап білім алатын резервтік тізімдердегі 153 үміткерге «Өркен» білім беру гранты тағайындалды.

 

Грант иегерлері - жүктеп алу

 

 


Қаралым: 346
Жарияланған: 02 Қараша