Жосықсыз жабдықтаушылар тізілімін құру ережесі

Тіркелу

По техническим вопросам


Жосықсыз жабдықтаушылар тізілімін қалыптастыру (жасау) мен жүргізу ережелері


«Назарбаев Зияткерлік
 мектептері» ДББҰ Басқармасының
2011 жылғы 16 қыркүйектегі №17
шешімімен бекітілген

 

Жосықсыз жабдықтаушылар Бырыңғай тізілімін
қалыптастыру (жасау) мен жүргізу Ережелері
(2015 жылғы 28 мамыр жағдайы бойынша өзгертулер мен толықтырулар)


1. Жалпы ережелері
 

1. Жосықсыз жабдықтаушылар Бырыңғай тізілімін қалыптастыру (жасау) мен жүргізудің осы Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Қамқоршы кеңесінің шешімімен бекітілген (2013 жылғы 11 сәуірдегі № 1 хаттамасы) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және Зияткерлік мектептері ұйымдарының іске асырылатын Тауарларды, жұмыстар және қызметтерді сатып алу Ережелеріне (бұдан әрі – Сатып алу Ережелері) сәйкес  әзірленген.
ДББҰ Басқармасының 2015 жылғы 28 мамырдың №25 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара).

2. Осы Ережелер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – ДББҰ) және Зияткерлік мектептері ұйымдарының Тауарларды, жұмыстар және қызметтерді сатып алуды іске асыру саласында Жосықсыз жабдықтаушылар Бырыңғай тізілімін қалыптастыру (жасау) мен жүргізудің (бұдан әрі - Тізілім)  тәртібін анықтайды.
ДББҰ Басқармасының 2015 жылғы 28 мамырдың №25 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара).
3. Тізілім ДББҰ осы Ережелерінің қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және жүргізіледі.


2. Тізілімді қалыптастыру мен жүргізудің (жасаудың) тәртібі


4. ДББҰ Сатып алу Департаменті мен әлеуетті жабдықтаушыны (жабдықтаушы) осы Тізілімге қосу үшін негіздеме болған жағдайда Тізілім жасалады.
ДББҰ Басқармасының 2015 жылғы 28 мамырдың №25 шешімімен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара).
5. Әлеуетті жабдықтаушыны (жабдықтаушы) Тізілімге қосу жөніндегі шешім ДББҰ Басқармасымен қабылданады.
6. Әлеуетті жабдықтаушыны (жабдықтаушы) төмендегі негіздемелер бойынша Тізілімге енгізуге жатқызылады:
1)  әлеуетті жабдықтаушы сатып алу жөніндегі келісім шарт жасамаған жағдайда;
2) әлеуетті жабдықтаушының біліктілік талаптары бойынша жалған ақпаратты ұсынуы жағдайында;
3) әлеуетті жабдықтаушының тендерге қатысуы кезінде баға ұсынысын ұсынбауы жағдайында;
4) әлеуетті жабдықтаушының тендерде сатып алуға бөлінген сомадан асып кететін баға ұсынысын ұсынуы жағдайында;
5) жабдықтаушының банк кепілдігін уақытында ұсынбау немесе мүлдем ұсынбау немесе Тендер құжаттамасының шарттарымен қарастырылған келісім шарттың өзге де талаптарын орындамауы;
6) сатып алу келісім шарты бойынша жабдықтаушының өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шарт бұзуы жағдайында;
7) сатып алу жөніндегі шарт бойынша жабдықтаушының өз міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамауы (шартты орындау мерзімінің 20 (жиырма) күнтізбелік күннен аса бұзуы, тауарды жеткізудің, қызмет көрсетудің, жұмыстарды орындаудың сапасы мен жинақталымының шарт талаптарына сәйкес келмеуі, шарт бойынша кепілдікті міндеттемелерді орындамауы).
ДББҰ Басқармасының 2015 жылғы 28 мамырдың №25 шешімімен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара).
7. ДББҰ  Сатып алу департаменті 10 (он) жұмыс күндер аралығында Ережелерінің 6 тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін Тізілімге жозықсыз жабдықтаушыларды енгізу ұсынысын ДББҰ Басқарма қарауына енгізу үшін, тиісті ақпараттарды жинауды атқарады. Белгіленген мерзім Ережелерінің 7-1 тармағына сәйкес алынған ақпараттар мерзіміне сәйкес ұзартылады.
ДББҰ Басқармасының 2015 жылғы 28 мамырдың №25 шешімімен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара).
7-1. ДББҰ Сатып алу Департаменті қосымша ақпарат пен түсіндіруді сұратуына құқылы.
ДББҰ Басқармасының 2015 жылғы 28 мамырдың №25 шешімімен 7-1-тармағымен толықтырылды (бұр. ред. қара).
8. ДББҰ Басқармасы әлеуетті жабдықтаушыны (жабдықтаушы) Тізілімге енгізу жөніндегі шешім қабылданғаннан кейін, 3 (үш) жұмыс күндер аралығында ДББҰ Сатып алу Департаменті  ДББҰ интернет-ресурсында ақпаратты жариялайды.
ДББҰ Басқармасының 2015 жылғы 28 мамырдың №25 шешімімен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара).
9. Әлеуетті жабдықтаушы (жабдықтаушы) Тізілімге енгізілген мерзімнен бастап ДББҰ өткізілетін осы ереженің 10 тармағында көрсетілген мерзім ішінде сатып алуға қатысу құқығы жоқ.
10. Әлеуетті жабдықтаушы (жабдықтаушы) Тізілімге енгізілген мерзімнен бастап бір жылдан кейін шығарылады. Әлеуетті жабдықтаушы (жабдықтаушы) Тізілімге қайтадан енгізілген жағдайда оның Тізілімде болу мерзімі үш жыл болып белгіленеді.  
11. ДББҰ Басқармасының әлеуетті жабдықтаушыны (жабдықтаушы) Тізілімге енгізу жөніндегі шешім қабылдау мерзімі әлеуетті жабдықтаушыны (жабдықтаушы) Тізілімге енгізу мерзімі болып саналады.


3. Жосықсыз жабдықтаушылар Тізілімін жариялау


12. Тізілім ДББҰ интернет-ресурсында жарияланады және барлық қызығушылық танытқан тұлғалардың танысуы үшін қолжетімді болып табылады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қаралым: 21401
Жарияланған: 04 Маусым