Ауысуға өтініш

Ауыстыру туралы өтініш


Құрметті ата-аналар! 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – ДББҰ)  2020 жылғы 1 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат  00.00-ден бастап Зияткерлік мектептердің 8-сыныбына оқушыларды ауыстыру туралы өтініштерді қабылдау жүзеге асырылатынын хабарлайды.

COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында өтініштерді қабылдау тек info@nis.edu.kz электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Оқушының ауысуы туралы өтінішті оның заңды өкілі бекітілген нысан бойынша (өтініш  -  жүктеу) береді.

Өтініштер 2020 жылғы 1 маусымда сағат 09.00-ден бастап қарастырылады және берілген күні мен уақытын ескере отырып тіркеледі.

Қосымша ақпарат алу үшін ДББҰ Оқушылар контингентімен жұмыс жөніндегі департаментіне хабарласуға болады (301-каб.). 

Байланыс телефондары: 8-7172-23-57-21, 23-57-89, 23-57-90, 23-57-91.

 

Ауыстыру туралы өтініш - жүктеу


Қаралым: 635
Жарияланған: 19 Мамыр