Оқушыларды ауыстыру

Құрметті ата-аналар!


 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – ДББҰ) 2023 жылғы 17 мамырдағы Басқарма шешімімен (№21 хаттама) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына оқушыларды оқуға қабылдау және ауыстыру ережесіне (бұдан әрі – Ереже) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 8-12 сынып оқушыларын ауыстыру тек «Мектепті басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - МБЖ) «Өтініштер» бөлімінде жүзеге асырылады.
Заңды өкілдер өтінішті өзінің МБЖ-ға енетін тіркеу жазбасын қолданып тапсыруы тиіс. Сонымен қатар, ата-аналар МБЖ-да оқушыны басқа мектепке ауыстыру кезегін қадағалай алады.

МБЖ-да оқушыны басқа мектепке ауыстыруға өтініш беру туралы нұсқаулықпен осы жерде таныса аласыз. 

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Ережеге сәйкес:

Заңды өкіл басқа Зияткерлік мектепке оқушыны ауыстыру үшін өтініш беруіне болады:
1) 8 сыныптарға шілде айының бірінші жұмыс күні сағат 9.00-ден бастап;
2) 9–12 сыныптарға оқу жылының басына дейін және оқу жылы барысында;
3) оқушының экстернат формасында білім алуын аяқтағанда және академиялық демалыстан шыққанда.

Зияткерлік мектептер арасында оқушыларды ауыстыру кезегіне сәйкес тиісті орындар болған жағдайда каникул кезінде ғана жүзеге асырылады.

Оқушыны ауыстыру келесі жағдайларда жүзеге асырылмайды:

1) 7 сыныпта;
2) халықаралық бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыратын Астана қаласындағы Зияткерлік мектебіне;
3) оқу жылының бірінші жартыжылдығының аяғына дейін Астана қаласындағы Зияткерлік мектептің (халықаралық бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыратын) 8–11 сынып оқушыларын басқа мектепке ауыстыруға;
4) экстернат формасында білім алып жатқан және академиялық демалыстағы оқушыларды ауыстыруға.

Қосымша ақпарат алу үшін Білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитациялау департаментіне 8-7172-23-57-90 телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

 

 

 

 

Қаралым: 146
Жарияланған: 16 Мамыр