Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 сәуірде өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі - ДББҰ) бірнеше жыл бойы білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибе мен практиканы талдап, енгізу ісімен айналысып келеді, бұл елеулі тәжірибе жинақтауға және осы тәжірибені Қазақстанның білім беру саласына жүйелі түрде тарату үшін мұғалімдердің әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.
Бүгінде Зияткерлік мектептер еліміздегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен мұғалімдеріне арналған онлайн сабақтар мен семинарлар, әлемдік білім беру жүйесіндегі инновациялық тәсілдемелерді зерделеу бойынша халықаралық конференциялар мен семинарлар, орта білімнің жаңартылған мазмұнын пилоттық енгізу жұмыстарын өткізу арқылы тәжірибені тарату бойынша шаралардың кешенін жүзеге асыруда.
Жалпы алғанда, жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілуде:
педагогтардың біліктілігін арттыру және оқыту;
озық педагогикалық тәжірибемен алмасу;
орта білім мазмұнын жаңарту.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп, бастауыш мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, оқу бағдарламалары мен жоспарлары, үш тілде оқыту үлгісі, критерийлік бағалау жүйесі, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі әзірленді.
Оқушылардың оқудағы жетістіктерін критерийлік бағалау моделі мен мектептегі тәрбие жұмысының тұжырымдамасы тапсырылуға дайындалып жатыр.
Өңірлердегі әдістемелік кабинеттердің жұмысы қайта қаралады, олардағы қызметкерлер қайта оқытылып, қажетті әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілмек.
Ел үкіметі жаңартылған білім беру мазмұнына көшудің тұжырымдамалық тәсілдемелерін мақұлдап, 2015 жылы еліміздегі 30 мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады.
МЖМБС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №370 қаулысымен бекітілді.
Министрлік 2015 жылға арналған Жұмыс жоспарын бекітті (01.04.2015 ж. №153 бұйрық), онда білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шаралар белгіленген, осындай жұмыс жоспары жыл сайын бекітілетін болады.
Министрлік 2015 жылдың қыркүйегінен еліміздегі жалпы білім беретін 30 мектепте, оның ішінде 12 шағын жинақталған және ауыл мектептерінде пилоттық жобаны бастауды жоспарлап отыр.
Бастауыш мектептің стандартын еліміздегі білім беру жүйесіне жаппай енгізу 2016 жылдың 1 қыркүйегінен басталады деп жоспарланған.
Жаңартылған білім беру мазмұнын дайындау және енгізу үдерісін басқару үшін 2014 жылы бірқатар нормативтік құжаттар әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілді.
Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу үдерісін басқару жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылды, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша 2014-2028 жылдарға арналған жол картасы, жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау туралы ереже әзірленді, 30 пилоттық мектептің тізімі құрылды.
Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында құрылымдық бөлімше құрылып, облыстық білім басқармалары өкілдері мен өңірлердегі Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің арасынан үйлестірушілер белгіленді.
Пилоттық мектептерге әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі топтар құрылды, консультанттар қатарында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, НЗМ ДББҰ, «Өрлеу» ПБҰО, БББО, ПШО, ПӨО қызметкерлері, білім басқармаларының үйлестірушілері, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері (жетекшілері) бар.
Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету үшін қазіргі таңда мұғалімдердің онлайн-тұғырнамасын және желілік кәсіби қоғамдастығын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, онда үздік әдіскер мұғалімдердің, практик мұғалімдердің, оқу бағдарламаларын әзірлеушілер мен авторларының, пилоттық мектеп кураторларының, білім басқармасы органдары басшыларының, таратуды ұйымдастырушылардың – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, БҒМ, ДББҰ консультациялары ұйымдастырылатын болады.
ДББҰ тәжірибесін тарату аясында 60 семинар өткізілді, оның 58-і бейімделген оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу мен пысықтау бойынша өтсе, 1-і халықаралық сарапшының қатысуымен ҰБА қызметкерлеріне, 1 семинар бейімделген бағдарламалар бойынша ПШО қызметкерлері/тренерлеріне арналды.
Жұмыс істеп тұрған Зияткерлік мектептер өңірлерге тәжірибені тарату бойынша ресурстық орталықтар болып табылады, пилоттық мектермен жұмыс жоспарлары әзірленді, апробациядан өткен тәжірибені пилоттық мектептердің мұғалімдеріне жеткізу үшін үздік мұғалімдерден құралған Педагогикалық десант, мектеп әкімшілігі мек мұғалімдерден тәжірибені тарату бойынша жұмыс топтары құрылды.
Тәжірибені тарату онлайн сабақтар мен онлайн семинарлар, шеберлік сағаттарын, оқыту семинарларын, пән апталықтарын, ашық есік күндерін, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу, ата-аналар мен оқушылармен кездесулер ұйымдастыру, әлеуметтік жобалар және экскурсиялар, т.б. арқылы жүзеге асуда.
Мысалы, 2014 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың наурызы аралығында пилоттық мектептер үшін 75 оқыту семинары, 234 онлайн сабақ, 23 онлайн семинар, 152 шеберлік сағаты, 7 тағылымдама, 17 ашық есік күні, 7 пән апталығы мен тағылымдама, пилоттық мектептердің ата-аналарымен, оқушыларымен 9 кездесу, тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша 11 шара өткізілді.
Зияткерлік мектептердің тәжірибесін тарату бағдарламасы бойынша басты бағыт – бұл педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру.
Елдің барлық аймақтары бойынша ДББҰ НЗМ ПШО, «Өрлеу» БАҰО және оның филиалдары негізінде 2012-2014 жылдарда еліміздің 39,8 мың педагогы оқудан өтті. 2016 жылға қарай біліктілікті арттыру жүйесі бойынша 120 мыңнан аса педагог оқудан өтетін болады, бұл білім берудің жаңартылған мазмұнын табысты енгізу үшін қомақты салмақ құрайды.
Орта білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және оның ведомстваға қарасты ұйымдарының қызметкерлерін оқыту үшін арнайы бағдарлама және тиісті оқу-методикалық материалдары әзірленді. Аталған бағдарлама бойынша ҚР БҒМ және оның ведомствоға қарасты ұйымдарының 302 қызметкері оқытылды.
Жалпы алғанда, келесі үш жылда 205 мыңнан аса педагог қызметкерлер (ҚР-да барлығы 296 мың педагог) біліктілікті арттыратын болады.
Осы мақсаттарда ДББҰ Педагогикалық шеберлілік орталығы Кембридж университеті Білім беру факультетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын деңгейлік бағдарламаларын әзірледі.
2012-2014 жылдарда біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі бойынша деңгейлік бағдарлама шеңберінде елдің мектептерінің 400 тренері және
11,9 мың мұғалімдері оқытылды.
2015 жылдың 1-тоқсанында деңгейлік бағдарлама аясында біліктілікті арттыру курстарында 3114 мұғалім оқытылуда, барлығын қосқанда ағымдағы жылы 5100 мұғалімді оқыту жоспарланады.
ДББҰ Министрлікпен бірлесіп, 2014-2015 оқу жылына (күз, қыс, жаз) пилоттық мектептердің педагогтарын оқыту жоспарын дайындады. Пилоттық мектептердің педагогтары үшін оқу семинарлары басталды, олар 2014 жылғы қарашада және 2015 жылғы қаңтар-наурыз айларында өткізілді (басшылық құрылым – 136, бастауыш сыныптар мұғалімдері – 277), бұдан басқа бұл оқытулар ағымдағы жылғы маусым-тамыз айларында жалғасатын болады.
Пилоттық мектептердің басшылары үшін ҚР БҒМ, ҰБА, ДББҰ өкілдердің қатысуымен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім беру бағдарламалары» атты бекітілген 3 күндік семинар өткізілді.
Білім беру мазмұнан жаңарту шеңберінде педагогикалық жұмыскерлерді оқыту бекітілген жоспарға сәйкес жалғасады, 2015 жылғы маусым мен қараша аралығында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылатын болады – жалпы алғанда ПШО және оның филиалдары негізінде 1892 педагог мамандардан оқудан өтеді.
Бұдан басқа, осы жоба шеңберінде жалпы білім беру ұйымдарының 250 басшылары біліктілікті жоғарылату курстарынан өтті, сондай-ақ 1 мың басшы оқытудан өтетін болады.
Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша тәжірибені тарату жобасын іске асыруда болашақ педагогикалық кадрларды дайындау үлкен орынға ие.
Осыған жету үшін педагогикалық мамандықтардың бітіруші курстардың студенттері және жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрам үшін қосымша кәсіби білім беру бағдарламалары әзірленді.
Педагогикалық кадрларды дайындауды жүзеге асыратын республикамыздың 18 жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамның ішінен Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарылату деңгейлік бағдарламалары негізінде 300 тренер-оқытушы оқытылды және дайындалды.
Қазіргі уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогикалық мамандықтары түлектері арасынан 25 тыңдаушы 160 академиялық сағат (аудиторлық оқыту) көлемінде оқытылды. Осы бағытта жұмысты белсендіру жоспарланады.
Министрлік еліміздің жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп, педагог мамандарды дайындау бағдарламасын қайта қарастыру жұмысын жүргізіп жатыр.
Тәжірибені таратудың тағы бір бағыты – педагог қызметкерлерді курс оқытуынан кейінгі қолдау. Бұл мұғалімдердің бұдан әрі білімдері мен дағдыларын жетілдіру және мектеп тәжірибесін жақсарту жөніндегі олардың қызметін белсендіру, мұғалімдердің проблемелары мен қазақстандық мектептердің туындайтын жаңа қажеттіліктеріне икемді жауап беру үшін қажетті.
Курстардан кейінгі педагогикалық жұмыскерлерді қолдау үшін мынадай инструменттер қолданылады, атап айтқанда, методикалық кітапхана, білім беру порталы және Орталықтың электроникалық методикалық жинағы, желілік қауымдастық, блогтар, форумдар және вебинарлар, сондай-ақ семинарлар, дөңгелек үстелдер және конференциялар.
Курстардан кейінгі қолдаудың тиімді әдістерінің бірі мастер-класттарды өткізу болып табылады. Мастер-класстар «Критерийлің бағалау жүйесі», «Критикалық ойлауды дамыту», «Дарында оқушылармен жұмыс», «Оқытуда және басқада АКТ қолдану» сияқты бағыттар бойынша жүргізіледі.
Курстардан кейінгі қолдау көрсету шеңберінде деңгейлік бағдарламалар бойынша оқытқан мұғалімдер үшін 150 тақырыптық семинар, мектеп басшылары үшін 77 оқу семинарлар өткізілді, 1001 сабақ өткізілді (804 мектеп).
Республикамыздың барлық аумақтарына деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарды бітірген мұғалімдерді курстардан кейінгі қолдау көрсету үшін, сондай-ақ мектеп басшылары үшін бағдарлама бойынша оқу курсын бітіргеннен кейін форматтық бағалау рәсімдерін жүзеге асыру үшін ПШО және оның филиалдары тренерлердің іссапарлары ұйымдастырылды.
Бұдан басқа, Центр сайтында электрондық методикалық жинақ құрылды, онда 200-ден аса Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдері және деңгейлік курстары шеңберінде оқытудан өткен мұғалімдердің сабақтардың методикалық әзірлемелері орналастырылған.
Педагогтарға жобаны жүзеге асыруда желілік қоғамдастық пен Орталық сайтындағы білім беру порталы айтарлықтай көмегін тигізеді, онда танымал және жаңа тақырыптар туралы ақпарат, соңғы жүктелген хабарламалар мен танымал желілік қоғамдастырқтар туралы мәліметтер қамтылған арнайы форумдар, блогтар бар. Сайт үнемі модернизацияланып, қазіргі заман талабына сай жаңартылып отырады. Тұрақты пайдаланушылардың саны қазір 49 817 адамға жетті.
Педагогтарға көмек көрсету аясында «Электронды әдістемелік кітапхана» бөлімінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 183 материал орналастырылды, сондай-ақ түрлі тақырыптарға онлайн вебинарлар өткізілді.
Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарын өткен тренерлер мен педагогтарға тәлімгерлік қызметтер көрсету жолға қойылған. Сарапшылар еліміздің 10 қаласында тәлімгерлік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізді. Олардың қатарында командалық оқыту (Team-teaching), жекелеген консультациялар, әдістемелік көмек, т.б. бар.
Жобаны жүзеге асыруда педагогтарды қажетті оқу-әдістемелік, ғылыми-танымдық әдебиетпен, мерзімді басылымдармен, орта білім мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелеріне, оқыту әдістемесі мен жалпы педагогикаға арналған өзге де көмекші материалдармен қамтамасыз ету де маңызды рөл атқарады.
Осы мақсатта қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпараттық-әдістемелік «Педагогикалық хабаршы» журналы шығарылады.
Журналға мақалаларын жазу үшін қазақстандық және шетелдік мектептер мен білім беру ұйымдарының үздік практик мұғалімдері мен ғалымдары тартылған.