Мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету

«Мектеп кітапханасы жұмысының заманауи әдіс-тәсілдері» семинары


2015 жылдың 10-11 ақпанында Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектеп кітапханасы жұмысының заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар болып өтті. Аталған іс-шара жалпы білім беру мектеп кітапханаларына Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханаларының іс-тәжірибесін тарату мақсатында өткізілді.

Семинардың мақсаты - кітапхана қызметкерлеріне жаңа кәсіби тәсілді қалыптастыру, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, ақпараттық мәдениетін арттыру,  кітап оқуды насихаттауда заманауи әдістерді қолдану.

Семинарға  қаладағы 25 мектептің  қызметкерлері қатысты. Мектеп кітапханаларын дамытудың қазіргі заманғы әдістері мен оқушылар арасында кітап оқуды кеңінен тарату  бойынша жүргізілетін жобалар қарастырылып таныстырылды. Кітапхана жұмысында қолдануға болатын Web 2.0 онлайн білім беру ресурстары мен құралдарына шолу жасалды. Семинар барысында теориялық ақпараттар тәжірибе сабақтарында  бейнебаяндар, кітапшалар, интерактивті ойындар, сөзжұмбақтар және т.б. жасау арқылы көрсетілді. Кітапханашылар ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру және оқырмандардың  газет оқуға қызығушылығын тудыру  әдістерімен жан-жақты  танысты.

Семинардың барлық тақырыптары қатысушылардың мектеп кітапханасы рөлі мен оның қызметінің мазмұны жайлы дәстүрлі көзқарастарын өзгертуге  деген қызығушылығын туғызды.  Семинар жоғары деңгейде өтті, кітапханашылар алдағы жұмыстарына жаңа идеялар, жаңа бағыттар мен оң көзқарастарды  қалыптастырды.

 
 
 
 
 
 
 
 

Қаралым: 4968
Жарияланған: 30 Сәуір