Жаңа интерактивті мультимедиялық оқулықтар, симуляторлар және жаттығу құрылғылары, 3D роликтер мен видеолар, виртуалды саяхаттар мен зертханалар, үйретуші және дамытпалы ойындар мен қосымшалар – осының барлығын бастауыш және негізгі мектеп оқушылары мен мұғалімдері сабақтарға өз беттерімен дайындалуға және алған білімді бекітуге арналған қосымша ресурс ретінде қолдана алатын болады.
Өткен жылдың күзінде Білім беру ресурстары орталығы тәжірибелік жоба шеңберінде шетелдік серіктестермен біріге отырып, бастауыш және негізгі мектепке арналған сандық білім беру ресурстарын даярлай бастады. 2013 жылдың соңына дейін отандық мамандар бес пән бойынша 33 қосымша әзірледі: «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Математика», «Ғылымға кіріспе». «Пирамида» сандық тапсырмалар жинағы және «Астана геометриясы» интерактивті мультимедиялық оқулығы Қызылорда қаласында Зияткерлік мектептерді ашу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілді.
Оқушы интерактивті қосымшаларды ойын түрінде қолдана отырып, математика, физика, биология, тілдер және басқа да негізгі пәндер бойынша алған теоретикалық және практикалық дағдыларын меңгереді. Мысалы, «Астанаға саяхат» қосымшасы жас қолданушыға қаланың орталығында велосипедпен виртуалды серуендеуге және жол бойы түрлі логикалық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді. Барлық кедергілерді өткеннен соң оқушы Бәйтеректің қасында тұрған өзінің фотосуретін жасап шығара алады. «Ғылымтану» қосымшасының көмегімен оқушылар жаттықтыратын видеоны тамашалап, виртуалды симуляторларды қолданып, тәжірибеде физиканың түрлі заңдарын тексеруге, содан кейін алған білімін өз бетінше сынауға мүмкіндік береді. «Азық-түлік» ойыны оқушыларды қызықты түрде азық-түлік атауларынмен және түрлерімен таныстырады. Барлық сандық ресурстар үш тілде әзірленге: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
Мұғалімдер электрондық жасақтамаларды оқу процесіндегі негізгі немесе қосалқы ресурс ретінде, ал оқушылар сабақтарға өз бетімен дайындалу және білімді бекіту үшін қолдана алады.
Сонымен қатар, білім беру ресурстарын әзірлеуде Орталық электрондық білім беру және инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы соңғы жетістіктерге сүйеніп, әлемдік және отандық тәжірибені біріктіреді. Жаңадан құрылған жасақтамалар iOS, Android және Windows сияқты жаңа мобильдік платформаларды қолдайды. Сонымен қатар, кейбір нұсқалар кез-келген құрылғыдан – жеке компьютерден, планшеттен немесе мобильдік телефоннан кіре алатын браузерлік Web платформасына арналып әзірленді.