Еліміздегі коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуынан орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ағымдағы оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына іріктеу конкурсының байқау тестілеуін өткізбейтінін хабарлайды.
Осыған байланысты қазіргі кезде қолданыста бар «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін қалай дайындалу керек және өз мүмкіндіктеріңді бағалау» онлайн курсына қатысуға болатындығы туралы мәлімдейміз. 7-сыныптарға іріктеу конкурсының байқау тестілеуі онлайн курстың бір тарауы болып табылады. Байқау тестілеуін тапсырғаннан кейін кері байланыс беріледі. Оқу курсы қазақ және орыс тілдерінде https://academia.kz/ru/course/38 онлайн платформасында қолжетімді.