Өркен Гранты

«Өркен» білім беру гранты


2021 жылғы 14 мамыр күні Білім және ғылым Министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия отырысының нәтижесі бойынша Алматы, Ақтөбе, Талдықорған, Тараз, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Атырау, Павлодар ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020-2021 оқу жылында
7 сыныптан бастап білім алатын резервтік тізімдердегі 26 үміткерге «Өркен» білім беру гранты тағайындалды.

жүктеу

 



Қаралым: 781
Жарияланған: 21 Мамыр