Конкурс жөнінде хабарлама

2013 жылдың 3 қазаңында “Discover Kazakhstan” үздік эсселер байқауы басталады

«Бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбына ағылшын тілінде “Discover Kazakhstan” үздік эсселер байқауын жариялаймыз. Егер сіз ағылшын тілін жетік меңгеріп, Қазақстанның тарихы, мәдениеті, қоғамдық-саяси құрылымы туралы жақсы білетін болсаңыз, сіз үшін өз қабілеттеріңізбен өз еліңіздің көпұлттылығын әлемге паш етуге, өзіңізді танытуға зор мүмкіндік туып отыр.

6 сынып оқушыларды Виртуалды мектепке тіркеу жүргізіледі

Виртуалды мектепке қатысу жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушыларына Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу үшін «Өркен» білім грантын тағайындау бойынша байқаудан өтуге дайындалуға мүмкіндік береді.

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Өркен» білім беру грантына ие болған оқушылардың құжаттарын қабылдау туралы хабарлайды

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылғы 12 тамыздан бастап «Өркен» білім беру грантына ие болған оқушылардың құжаттарын қабылдау туралы хабарлайды

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 1 сыныптарына конкурстық іріктеу

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Көкшетау қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептің оқу қазақ және орыс тілдерінде жүретін 1 сыныптары мен қазақ тіліне ендіре оқытатын 1 сыныпқа конкурс жариялайды. Құжат қабылдау 2013 жылғы 05 - 23 тамыз аралығында Көкшетау қаласы, Мирзоян көшесі, 59 үй мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Байланыс телефоны 25 31 40.

Оқушыларды бос орындарға конкурстық іріктеу

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Көкшетау, Семей, Талдықорған, Өскемен, Орал, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Атырау, Қызылорда, Павлодар қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне бос орындарға конкурстық іріктеуге қатысатын үміткерлер үшін.