«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Астана, Семей, Көкшетау, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларындағы физика-математикалық бағыттағы, Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне және химия-биологиялық бағыттағы Өскемен, Қарағанды, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты негізінде 2014-15 оқу жылында қазақ және орыс тілдерінде білім алатын 7 сынып оқушыларын іріктеуге конкурс жариялайды.