Құрметті Назарбаев Зияткерлік мектептері және жалпыбілім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары!
Егер сіз ағылшын тілін жетік меңгерген, Қазақстан тарихын,мәдениетін, әлеуметтік саяси құрылымын жақсы білетін болсаңыз, сізге өзіңіздің біліміңіз бен дарыныңызды жария етуге, әлемге өзіңіздің еліңіз туралы жар салуға бірегей мүмкіндік беріледі!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Қазақастанды таны!» (“Discover Kazakhstan”) тақырыбына ағылшын тілінде үздік шығармаға конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты: Қазақстанды әлемдік қоғамдастыққа әйгілі етіп, шет елді азаматтарды Қазақстанның мәдениетін, әдет-ғұрпын, табиғи климаттық ерекшеліктерімен, әлеуметтік- саяси құрылымы, экономикалық дамуы және де басқа жетістіктерімен таныстыру.
Конкурсты өткізу тәртібімен сіз мұнда таныса аласыз.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары конкурстық материалдарын оқу орнындағы мектеп әділ-қазыларына өткізеді.
ҚР жалпыбілім беретін мектептердің оқушыларына өз жұмыстарын essay@nis.edu.kz электрондық поштаға жіберуге болады.
Конкурс қорытындылары бойынша комиссия жеңімпаздарды бірыңғай жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген топтарда келесі ретпен анықтайды:
Бірінші орын – бір номинация
Конкурс жеңімпаздары диплом және аранйы сыйлықтармен марапатталады.
Ең үздік шығармалар «Өзің үшін Қазақастанды аш» (“Discover Kazakhstan”) жинағына енеді.
Сіздерден еліміз туралы творчестволық, ерекше, қайталанбас шығармаларды күтеміз!