Конкурс жөнінде хабарлама

2018 жылғы 3-4 наурызда өтетін конкурсқа қатысатын ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!


Құрметті ата-аналар!!!

Зияткерлік мектептердің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеу 2 (екі) кешенді тестілеуден тұрады және 2018 жылдың 3 және 4 наурызында өткізіледі

І АУЫСЫМ (ТАҢЕРТЕҢ)

ПӘНДІК ТЕСТ

2018 жылдың 3 наурызы (Астана уақытымен)

ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АНЫҚТАУ ТЕСТІ

2018 жылдың 4 наурызы (Астана уақытымен)

*Тіркеу: 8.00 - 09.30

*Тіркеу: 8.00 - 09.30

Нұсқау:  09.40 - 10.00

Нұсқау:  09.40 - 10.00

Тестілеудің басталуы: 10.00  

Тестілеудің басталуы: 10.00  

ІІ АУЫСЫМ (ТҮСТЕН КЕЙІН)

ПӘНДІК ТЕСТ

2018 жылдың 3 наурызы (Астана уақытымен)

ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ АНЫҚТАУ ТЕСТІ

2018 жылдың 4 наурызы (Астана уақытымен)

*Тіркеу: 13.30 - 14.30

*Тіркеу: 13.30 - 14.30

Нұсқау:  14.40 - 15.00

Нұсқау:  14.40 - 15.00

Тестілеудің басталуы: 15.00  

Тестілеудің басталуы: 15.00    

 *Тіркеуге кешігіп келген үміткер тестілеуге қатысуға жіберілмейді!!! Тіркеу орталықтандырылған жүйеде Астана уақыты бойынша 09:31 мен 14:31 жабылады. Көрсетілген уақыттан соң тіркеу жүргізу мүмкіндігі жоқ.

 Өзімен бірге: фотосуреті бар рұқсат қағазы мен қара сиялы қалам (гельді емес) алып келуі керек. Сонымен қатар этикеткасы жоқ мөлдір ыдыстағы суды алуға болады.

Тестілеу кезінде үміткерге ұялы телефонды, ақпараттық-анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, калькулятор, сызғыш, қаламсауыт, түзету құралдары, шимай үшін қағаздар мен басқа да көмекші электрондық құралдарды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Тестілеу кезінде үміткерден қолдануға болмайтын заттарды тапқан жағдайда үміткер оқу ғимаратынан шығарылып, тест жауаптары жойылады.

 

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарына

конкурстық негізде оқушыларды іріктеу туралы ақпарат

 Конкурстық негізде екі күн бойы жүргізілетін іріктеу екі кешенді тестілеуді  құрайды.

Тестілеудің бірінші күні математика, қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдері бойынша пәндік тест, тестілеудің екінші күні жаратылыстану-математикалық ғылымдарды оқуға қабілеттілік тесті өткізіледі:

*Ескерту: Тест материалдарын таратуға, үміткерлерге нұсқаулық жүргізуге бөлінетін уақыт тестілеу уақытына есепке алынбайды.

 Барлық үміткерлер екі тестті тапсырады.

 Тестілеу нәтижесін өңдеу процессі.

Тестілеудің қорытындысы бойынша автоматтандырылған түрде бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы Голландиядағы Cito педагогикалық өлшеулер институтымен үміткерлердің нәтижесі статистикалық өңдеу және психометрикалық анализдің қолдануымен іске асады, бұл тест тапсырмаларының сапасын ескеріп, барлық үміткерлерге  АПЕЛЛЯЦИЯСЫЗ өзара тең жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 Тестілеу нәтижесін хабарлау.

         Тестілеу нәтижелері тестілеудің екінші күнінен 40 күн өткеннен кейін сайтта жарияланады және Зияткерлік мектептің ғимаратында ілінеді.

Конкурстық іріктеудің нәтижесі.

         Конкурстың соңғы нәтижесі «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысында қабылданады.

 


Қаралым: 4159
Жарияланған: 26 Ақпан