Конкурс жөнінде хабарлама

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеу конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ақтау, Алматы, Петропавл қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2015-2016 оқу жылында 7 сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеу конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды.

Құжаттар 2015 жылғы 11 мамырға (қоса) дейін келесі мекен-жайларда жүргізіледі:

1.     Ақтау қ., 19 ш.а., 10 үй, 312 каб., тел.: 8 (7292) 308-302, 8 708 4 308 302

2.     Алматы қ., Жамақаева к., 145, Нұрлыбаева к. қиылысы, тел. 8 (727) 3310100

3.     Петропавл қ., Васильев көшесі, 44 үй,  №1 М.Айтхожин ат. Инновациялық мектеп тел.: 8 (7152) 310829.

1, 2, 7  мамыр күндері жұмыс күндері, 9 мамыр - демалыс. 

Тестілеу 2015 жылғы 13, 14 маусым күндері өтеді.

Тесттің өту уақыты:

Оқу қазақ тіліндегі сыныптар үшін:
- тіркеу: 8:30-дан  9:30-ға дейін (Астана уақытымен)
- тесттің басталуы: 10:00-де (Астана уақытымен)
 

Оқу орыс тіліндегі сыныптар үшін:
- тіркеу: 13:30-дан  14:30-ға дейін (Астана уақытымен)
- тесттің басталуы: 15:00-де (Астана уақытымен)

Конкурстық  іріктеу  жөніндегі толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтынан алуға болады.

 
 
 
 

Қаралым: 3553
Жарияланған: 29 Сәуір