Конкурс жөнінде хабарлама

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ақтау, Алматы, Петропавл қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының өтетін орындары туралы хабарлайды.


Барлық үміткерлер 2015 жылғы 13, 14 маусым күндері төменде көрсетілген мекен-жайларға келуі тиіс:

1) Ақтау қ., 32 ықшам ауданы, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, бас корпус;
2) Алматы қ. Жамақаева к., 145, Нұрлыбаева к. қиылысы, Алматы қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
3) Петропавл қ. Борки к., Студенческая 1, кәсіби-педагогикалық колледж.

Тесттің өту уақыты:
Оқу қазақ тіліндегі сыныптар үшін:

- тіркеу: 8:30-дан 9:30-ға дейін (Астана уақытымен)
- тесттің басталуы: 10:00-де (Астана уақытымен)
Оқу орыс тіліндегі сыныптар үшін:
- тіркеу: 13:30-дан 14:30-ға дейін (Астана уақытымен)
- тесттің басталуы: 15:00-де (Астана уақытымен)
Өзімен бірге: фотосуреті бар рұқсат қағазы мен қара сиялы жай қалам (гельді емес) алып келуі керек. Сонымен қатар, мөлдір сауыттағы жай су алуға болады.

Тестілеу кезінде үміткерге ұялы телефон, ақпараттық-анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, калькулятор, сызғыш, қаламсауыт, түзету құралдары, шимай қағаздары мен басқа да көмекші құралдарды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Тестілеу кезінде үміткерден қолдануға болмайтын заттарды тапқан жағдайда үміткер оқу ғимаратынан шығарылып, тест жауаптары жойылады.
 


Қаралым: 3240
Жарияланған: 06 Сәуір