Конкурс жөнінде хабарлама

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін құж


Барлық үміткерлер 2015 жылғы 28 ақпан мен 1 наурыз күндері төменде көрсетілген уақыттарда келуі тиіс:

 оқу қазақ тіліндегі сыныптарға:
- тіркеу: сағ. 8:30-дан 9:30-ға дейін (Астана уақытымен)
- тесттің басталуы: сағ. 10:00 (Астана уақытымен).
 

оқу орыс тіліндегі сыныптарға:
- тіркеу: сағ. 13:30-дан  14:30-ға дейін (Астана уақытымен)
- тесттің басталуы: сағ. 15:00 (Астана уақытымен).

Өзімен бірге: фотосуреті бар рұқсат қағазы мен қара сиялы жай қалам (гельді емес) алып келуі керек. Сонымен қатар, мөлдір сауыттағы жай су алуға болады.

Тестілеу кезінде үміткерге ұялы телефон, ақпараттық-анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, калькулятор, сызғыш, қаламсауыт, түзету құралдары, шимай қағаздары мен басқа да көмекші құралдарды қолануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Тестілеу кезінде үміткерден қолдануға болмайтын заттарды тапқан жағдайда үміткер оқу ғимаратынан шығарылып, тест жауаптары жойылады.


Қаралым: 3387
Жарияланған: 25 Ақпан