Конкурс жөнінде хабарлама

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2015-2016 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2015-2016 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Байқауға қатысу үшін өтініш беру; (ЖҮКТЕУ)

2) Сауалнама толтыру; (ЖҮКТЕУ)

3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4) 086/у медициналық анықтама  формасы;

5) Үміткердің тұрғылықты орнынан анықтама;

6) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты  жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек.

         Орта білім беретін ұйымдардың 7-11(12) сыныптарын толық аяқтаған үміткерлер Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға үміттенуіне құқығы жоқ.

7) Үміткердің 3х4 фотосы – 2 дана;

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.

Құжаттарды қабылдамауға негіз болып табыла алады:

-       Байқауға іріктеуге қатысуға белгіленген  мерзімінен өтінішті кешіктіріп берген жағдайда;

-       Көрсетілген құжаттардан басқа құжаттары толық болмаған жағдайда.

Құжаттарды қабылдау 2014 жылғы 29 желтоқсан мен 2015 жылғы 5 ақпан аралығында келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

1) Астана қ. (физика-математикалық бағыттағы), №31 к., 37 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), тел.: 87026862661

2) Астана қ., №31 к., 35 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), тел.: 8 (7172) 55-80-33

3) Ақтөбе қ., Батыс-2 ы.а., 26 аймақ, тел.: 8 (7132) 70-47-80

4) Алматы қ. (физика-математикалық бағыттағы), Жамақаева к., 145, Нұрлыбаева к. қиылысы, тел. 8(727) 3310100

5) Атырау қ., Нұрсая ы.а., 11 к., 22 ғимарат, тел.: 8 (7122) 55-85-51

6) Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы, 62, тел.:8 (7212) 558880

7) Көкшетау қ., Мирзоян к. 59, тел.: 8 (7162) 25-31-40

8) Қостанай қ., Солтүстік-Батыс ауданы, тел.: 87051095599

9) Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к. 8, тел.: 8 (7242) 55-11-51

10) Павлодар қ., Ткачев к. 16/2. тел.: 8 (7182) 70-47-40

11) Семей қ., Қабылбаев к. 32, тел.: 8 (7222) 53-18-88

12) Талдықорған қ., Каратал ы.а., №47, тел.: 8 (7282) 21-98-63

13) Тараз қ., Арай массиві, Домалақ ана к. 266, тел.: 8 (7262) 99-98-55

14) Өскемен қ., Комсомольская к. 43/1, тел.: 8 (7232) 60-40-03

15) Орал қ., Московская к. 16, тел.: 8 (7112) 22-27-04

16) Шымкент қ. (физика-математикалық бағыттағы), Ақжайық ы.а., Элитный қалашығы, 6 құрылыс, тел.: 8 (7252) 29-44-88

17) Шымкент қ. (химия-биологиялық бағыттағы), Нұрсәт ы.а., 1А үй, тел.: 8 (7252) 42-51-70

Тестілеу 2015 жылғы 28 ақпан мен 1 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтынан алуға болады.


Қаралым: 6813
Жарияланған: 29 Желтоқсан