Конкурс жөнінде хабарлама

“Discover Kazakhstan” - 2014 үздік эсселер байқауы


Құрметті Назарбаев Зияткерлік мектептері мен еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің 9-12 сынып оқушылары, естеріңізге сала кетейік.    

«Expo 2017: болашақ энергиясы және жасыл экономиканың Қазақстанға берер мүмкіндіктері» тақырыбына ағылшын тілінде   

“Discover Kazakhstan” үздік эсселер байқауы жарияланды.  

           Егер сіз ағылшын тілін қызығып оқысаңыз, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға жұмыстансаңыз, ағылшын тілін білу тәсілі ретінде және жазба түріндегі өзін өзі көрсетуге қолдансаңыз,  білім салаларындағы өзіңіздің терең біліміңізге сенім артсаңыз, онда жасыл экономиканың дамуы мен оның мүмкіндіктері туралы эссе жазып, өзіңізді бүкіл әлемге паш етуге зор мүмкіндік туып отыр.   

           «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Discover Kazakhstan» ағылшын тілінде үздік эсселер байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты: Қазақстанды және оның жетістіктерін әлемдік қауымдастыққа таныту, мәдениетінің, дәстүрінің, табиғи-климаттық жағдайының, әлеуметтік-саяси құрылымының, экономикалық дамуының ерешеліктерімен таныстыру болып табылады.   

Байқау 2014 жылдың 5 қарашасына дейін өткізіледі. Байқау ережесімен www.nis.edu.kz сайтында таныса аласыздар.

           ҚР-ның жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары өз жұмыстарын dk@nis.edu.kz электронды адресіне жібереді.

          Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары аталған байқауға өз материалдарын оқитын мектептері бойынша ондағы қазылар алқасына өткізеді.

          Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды мына тәртіпте анықтайды:  

  Бас жүлде – бір номинация   

Бірінші орын – бір номинация   

Екінші орын – екі номинация   

Үшінші орын – үш номинация 

Байқау нәтижелері 2014 жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей www.nis.edu.kz сайтында жарияланады.

Байқау жеңімпаздары диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Үздік шығармалар «Discover Kazakhstan» жинағына енеді. 

Сіздерден біздің еліміз туралы бірегей және қайталанбас эсселер күтеміз! 


Қаралым: 3646
Жарияланған: 27 Қазан