Конкурс жөнінде хабарлама

Петропавл қаласындағы Зияткерлік мектебіне іріктеу конкурсының өткізу орны


Тестілеу М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде өтеді. Мекен жайы: Петропавл қ., Абай көшесі  28.   

         Үміткер өзімен бірге:

-            фотосы бар рұқсат қағазын;

-            қара сиялы жай қалам (гельді сия рұқсат етілмейді).  

Сондай-ақ,  сырты қапталмаған мөлдір су алуға рұқсат етіледі. Түрлі-түсті сусындар рұқсат етілмейді.  

Тестілеу кезінде үміткерлерге өзімен бірге төмендегі заттарды алып кіруге тыйым салынады: ұялы телефон, ақпараттық-анықтамалық әдебиет, сөздік, калькулятор, сызғыш, қаламсауыт, түзету құралдары, шимай қағаздары және тағы басқа да көмекші құралдар.   

Қолдануға болмайтын заттарды тапқан жағдайда үміткер оқу ғимаратынан шығарылып, тест жауаптары жойылады.   

8-9 сыныптар:  

І кезең – 28 қыркүйек 2014ж.   

Тіркеудің басталуы: сағ.8.30 (Петропавл қ. уақыты).  

Тіркеудің аяқталуы: сағ. 09.40.  

Тесттің басталуы: сағ. 10.00.  

ІІ кезең – 1 қазан 2014 ж.  

Тіркеудің басталуы: сағ.14.00 (Петропавл қ. уақыты).  

Тіркеудің аяқталуы: сағ. 14.40. 

Тесттің басталуы: сағ. 15.00.   

7 сыныптарға оқуға түсуге  үміткерлердің барлығы да 11, 12 қазан күндері тестке қатысуы керек.

7 сыныпқа тестілеу – 11-12 қазан 2014 ж.

Тіркеудің басталуы: сағ.08.30 (Петропавл қ. уақыты).  

Тіркеудің аяқталуы: сағ. 09.40.  

Тесттің басталуы: сағ. 10.00.


Қаралым: 2864
Жарияланған: 24 Қырқүйек