Конкурс жөнінде хабарлама

Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектебіне іріктеу конкурсының өткізу орны


Тестілеу Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің базасында өтеді. Мекен жайы: Ақтау қ.,  32 шағын ауданы, бас ғимарат. 

         Үміткер өзімен бірге:

-       фотосы бар рұқсат қағазын;

-       қара сиялы жай қалам (гельді сия рұқсат етілмейді).  

Сондай-ақ,  сырты қапталмаған мөлдір су алуға рұқсат етіледі. Түрлі-түсті сусындар рұқсат етілмейді.  

Тестілеу кезінде үміткерлерге өзімен бірге төмендегі заттарды алып кіруге тыйым салынады: ұялы телефон, ақпараттық-анықтамалық әдебиет, сөздік, калькулятор, сызғыш, қаламсауыт, түзету құралдары, шимай қағаздары және тағы басқа да көмекші құралдар.   

Қолдануға болмайтын заттарды тапқан жағдайда үміткер оқу ғимаратынан шығарылып, тест жауаптары жойылады.    

8-9 сыныптар:

І кезең – 28 қыркүйек 2014 ж.  

Тіркеудің басталуы: сағ.7.30 (Ақтау қ. уақыты). 

Тіркеудің аяқталуы: сағ. 08.40. 

Тесттің басталуы: сағ. 9.00.  

ІІ кезең – 1 қазан 2014ж.  

Тіркеудің басталуы: сағ.14.00 (Ақтау қ. уақыты).  

Тіркеудің аяқталуы: сағ. 14.40.  

Тесттің басталуы: сағ. 15.00.

7 сыныптар 11-12 қазан 2014 ж.  

Тіркеудің басталуы: сағ.7.30 (Ақтау қ. уақыты).  

Тіркеудің аяқталуы: сағ. 08.40.  

Тесттің басталуы: сағ. 9.00.  

7 сыныптарға оқуға түсуге  үміткерлердің барлығы бірдей 11, 12 қазан күндері тестке қатысуы керек. 


Қаралым: 4195
Жарияланған: 24 Қырқүйек