Конкурс жөнінде хабарлама

Алматы қаласындағы Зияткерлік мектебіне іріктеу конкурсының өткізу орны


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7,8,9 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсын өткізу орнын хабарлайды.

7 сыныпқа үміткерлер үшін тест 2014 жылғы 11-12 қазанда Алматы қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтеді. Мекен-жайы: Алматы қ., Медеу ауданы, Горный Гигант шағын ауданы, Жамақаев көшесі 145, Нұрлыбаев көшесінің қиылысы.   

Үміткер өзімен бірге:

-            фотосы бар рұқсат қағазын;

-            қара сиялы жай қалам (гельді сия рұқсат етілмейді).  

Сондай-ақ,  сырты қапталмаған мөлдір су алуға рұқсат етіледі. Түрлі-түсті сусындар рұқсат етілмейді.  

Тестілеу кезінде үміткерлерге өзімен бірге төмендегі заттарды алып кіруге тыйым салынады: ұялы телефон, ақпараттық-анықтамалық әдебиет, сөздік, калькулятор, сызғыш, қаламсауыт, түзету құралдары, шимай қағаздары және тағы басқа да көмекші құралдар.   

Қолдануға болмайтын заттарды тапқан жағдайда үміткер оқу ғимаратынан шығарылып, тест жауаптары жойылады.    

Үміткерлердің барлығы бірдей 11,12 қазан күндері тестке қатысуы керек.   

Тестке тіркеудің басталуы: сағ.8.30 (Алматы қ. уақыты) 

Тіркеудің аяқталуы: сағ. 09.40 

Тесттің басталуы: сағ. 10.00.


Қаралым: 3924
Жарияланған: 24 Қырқүйек