Конкурс жөнінде хабарлама

Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектебінде білім алу үшін оқушыларды іріктеу конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылады


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2014-2015 оқу жылында 8, 9 сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеу конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды және 10 (11) сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеуге конкурс жариялайды. 

Құжаттар 2014 жылдың 11 қазанына дейін келесі мекен-жайда қабылданады: Қостанай қ.,  Ы. Алтынсарин көшесі 118, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернат, тел.: 39-26-21.

Конкурстың кезеңдері 2014 жылғы 26 қазан мен 4 қараша аралығында  өткізіледі. Конкурстың өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат 17 қазан күні www.nis.edu.kz. веб-сайтында жарияланады.

Конкурстық іріктеу жөніндегі толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтынан алуға болады.

Құжаттар тізімі

Конкурстық іріктеу кестесі


Қаралым: 3316
Жарияланған: 18 Қырқүйек