Конкурс жөнінде хабарлама

Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектебінде 8, 9 сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеуге конкурс жариялайды


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2014-2015 оқу жылында 8, 9 сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеуге конкурс жариялайды.

Құжаттар 2014 жылғы 18 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында келесі мекен-жайда қабылданады: Қостанай қ., Ы. Алтынсарин көшесі 118, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернат, тел.: 39-26-21.

Конкурстың кезеңдері 2014 жылғы қазан айының 12 мен 20 аралығында  өткізіледі. Конкурстың өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат 1 қазан күні www.nis.edu.kz  веб-сайтында жарияланады. Конкурстық іріктеу жөніндегі толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтынан алуға болады.

Конкурс кестесі

Құжаттар тізімі


Қаралым: 2646
Жарияланған: 19 Тамыз