«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ақтау және Петропавл қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2014-2015 оқу жылында 7, 8, 9 сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеу конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды.
Құжаттар 2014 жылғы 9 қыркүйекке (қоса) дейін келесі мекен-жайларда жүргізіледі:
Ақтау қ., №11 мамандандырылған физика-математикалық мектеп, 9 ықшам ауданы, тел. 42-68-13.
Петропавл қ., Жастар сарайы (Облыстық мәдени орталық), Қазақстан Конституциясы көшесі 60, 1 қабат, 16 кабинет, тел. 50-03-73.
Конкурстың кезеңдері
- 7 сыныптар үшін 2014 жылғы 11, 12 қазан күндері өтеді.
- 8, 9 сыныптар үшін 2014 жылғы 28 қыркүйек пен 1 қазан күндері өтеді.
Конкурстың өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат www.nis.edu.k веб-сайтында 22 қыркүйек күні жарияланады.
Конкурстық іріктеу жөніндегі толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтынан алуға болады.