«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2014-2015 оқу жылында 7, 8, 9 сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеуге конкурс жариялайды.
Құжаттар 2014 жылғы 1 шілде мен 2 тамыз аралығында келесі мекен-жайларда жүргізіледі:
1. Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, 2 корпус (заң факультеті), 14 кабинет, тел.: 377-33-66;
2. Әуезов ауданы, Қалқаман-2 ықшам ауданы, Байтұрсынов көшесі 36, №157 орта мектеп, тел.: 226-32-33;
3. Түрксіб ауданы, Чехов көшесі 15, №76 орта мектеп тел.: 234-13-77;
4. Алатау ауданы, «Ақкент» ықшам ауданы №19 үй, №181 орта мектеп, тел.: 246-70-39.
Конкурстың кезеңдері
-7 сыныптар үшін 2014 жылғы 6, 7 қыркүйек күндері өтеді.
-8, 9 сыныптар үшін 2014 жылғы 24, 27 тамыз күндері өтеді.
Конкурстық іріктеу жөніндегі толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтынан алуға болады.