«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ақтау және Петропавл қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2014-2015 оқу жылында 7, 8, 9 сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеуге конкурс жариялайды.
Құжаттар 2014 жылғы 30 маусым мен 9 тамыз аралығында келесі мекен-жайларда жүргізіледі:
Ақтау қ., №11 мамандандырылған физика-математикалық мектеп, 9 ықшам ауданы, тел. 42-68-13.
Петропавл қ., Жастар сарайы (Облыстық мәдени орталық), Қазақстан Конституциясы көшесі 60, 1 қабат, 16 кабинет, тел. 50-03-73.
Конкурстың кезеңдері
- 7 сыныптар үшін 2014 жылғы 6, 7 қыркүйек күндері өтеді.
- 8, 9 сыныптар үшін 2014 жылғы 11, 14 қыркүйек күндері өтеді.
Конкурсты өткізу кестесі Ақтау
Конкурсты өткізу кестесі Петропавл
Конкурстық іріктеу жөніндегі толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтынан алуға болады.