Конкурс жөнінде хабарлама

Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектебіне оқушыларды конкурстық іріктеу


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қостанай қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7,8,9 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсын өткізу орнын хабарлайды.   

Конкурстық іріктеу кезеңдері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының бас корпусы базасында Таран 118 мекен-жайында өтеді.   

-         7 сыныпқа үміткерлер үшін 29, 30 маусымда  

-         8,9 сыныпқа үміткерлер үшін 24, 27 маусымда   

Тіркеудің басталуы: сағ.8.30  

Тіркеудің аяқталуы: сағ. 10.00 

Тесттің басталуы: сағ. 10.30   

         Үміткер өзімен бірге: 

-            фотосы бар рұқсат қағазын;

-            қара сиялы жай қалам (гельді сия рұқсат етілмейді).

Сондай-ақ,  сырты қапталмаған мөлдір су алуға рұқсат етіледі. Түрлі-түсті сусындар рұқсат етілмейді.

Тестілеу кезінде үміткерлерге өзімен бірге төмендегі заттарды алып кіруге тыйым салынады: ұялы телефон, ақпараттық-анықтамалық әдебиет, сөздік, калькулятор, сызғыш, қаламсауыт, түзету құралдары, шимай қағаздары және тағы басқа да көмекші құралдар.   

Қолдануға болмайтын заттарды тапқан жағдайда үміткер оқу ғимаратынан шығарылып, тест жауаптары жойылады.  


Қаралым: 3365
Жарияланған: 16 Маусым