«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ келесі Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі бос орындарға оқушыларды іріктеу өткізуге конкурс жариялайды:
1. Көкшетау қаласындағы мектептің оқу қазақ, орыс тілдеріндегі 1 сыныптар мен қазақ тіліне ендіре оқытатын 1 сыныпқа және оқу қазақ, орыс тілдеріндегі 5 сыныптарға;
2. Семей қаласындағы мектептің оқу қазақ және орыс тілдеріндегі 5 сыныптарға;
3. Талдықорған қаласындағы оқу қазақ тілінде жүретін 2,3,5,8 сыныптарға және оқу орыс тіліндегі 1,6,8 сыныптарға, қазақ тіліне ендіре оқытатын 1 сыныпқа;
4. Өскемен қаласындағы оқу қазақ және орыс тілдеріндегі 5, 8 сыныптарға;
5. Қызылорда қаласындағы оқу орыс тіліндегі 8 сыныпқа.
Құжат қабылдау 2014 жылғы 30 мамыр мен 18 маусым аралығында (сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі, жексенбі күні қоса) келесі мекен-жайларда жүргізіледі:
1. Көкшетау қ., Мирзоян ат. көше 59, тел. 25-31-40.
2. Семей қ., Қабылбаев ат. көше 32, тел. 53-18-88.
3. Талдықорған, Қаратал ш.а. 47, тел. 21-98-63.
4. Өскемен қ., Комсомольская көшесі 32, тел. 60-40-03.
5. Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс ат. көше 8, тел.: 55-11-51
Конкурстық іріктеу шарттары туралы толық ақпарат www.nis.edu.kz ақпараттық ресурсында орналасқан.