Конкурс жөнінде хабарлама

Алматы қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсын өткізу орнын хабарлайды


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Алматы қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсын өткізу орнын хабарлайды.  

2014 жылғы 26 наурызбен 02 мамыр аралығында құжат тапсырған үміткерлер назарына. 

Тест 2014 жылғы 20-21 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында өтеді.   

Мекен-жайы: Абай даңғылы 8 (Достық көшесінің қиылысы):

-           оқу қазақ тіліндегі үміткерлер Абай ат. даңғыл жағынан енеді.

-           оқу орыс тіліндегі үміткерлер Уалиханов ат. көше жағынан енеді.   

Тіркеудің басталуы: сағ.8.30

Тіркеудің аяқталуы: сағ. 10.00

Тесттің басталуы: сағ. 10.30   

Үміткерлердің барлығы да 20, 21 маусым күндері тестке қатысуы керек.  

         Үміткер өзімен бірге:

-            фотосы бар рұқсат қағазын;

-            қара сиялы жай қалам (гельді сия рұқсат етілмейді).

Сондай-ақ,  сырты қапталмаған мөлдір су алуға рұқсат етіледі. Түрлі-түсті сусындар рұқсат етілмейді.

Тестілеу кезінде үміткерлерге өзімен бірге төмендегі заттарды алып кіруге тыйым салынады: ұялы телефон, ақпараттық-анықтамалық әдебиет, сөздік, калькулятор, сызғыш, қаламсауыт, түзету құралдары, шимай қағаздары және тағы басқа да көмекші құралдар.   

Қолдануға болмайтын заттарды тапқан жағдайда үміткер оқу ғимаратынан шығарылып, тест жауаптары жойылады. 


Қаралым: 4290
Жарияланған: 27 Мамыр