«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2014-2015 оқу жылында 7, 8, 9 сыныптарда білім алу үшін оқушыларды іріктеуге конкурс жариялайды.
Құжаттар 2014 жылғы 5 мамыр мен 5 маусым аралығында келесі мекен-жайда қабылданады: Қостанай қ., Ы. Алтынсарин көшесі 118, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернат, тел.: 39-26-21.
Конкурстың кезеңдері 2014 жылғы 24 маусым мен 2 шілде аралығында өткізіледі. Конкурстың өтетін орны мен уақыты туралы ақпарат 16 маусым күні www.nis.edu.kz веб-сайтында жарияланады.
Конкурстық іріктеу жөніндегі толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтынан алуға болады.