Конкурс жөнінде хабарлама

Назарбаев Зияткерлік мектептердің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері


Конкурс нәтижелері бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы оқушылардың жауаптарын статистикалық өңдеу әдісімен алынды. Аталған әдіс барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады және тестілеудің нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз етеді.      

1 күн. Пәндік тест.

Пәндік тесттің ықтимал ең жоғарғы балы 1000 балға тең, оның ішінде:

1.     Математика – 400 б.;

2.     Қазақ тілі – 200 б.;

3.     Орыс тілі – 200 б.;

4.     Ағылшын тілі – 200 б.

Пәндік тесттің нәтижелерін өңдеу Нидерландыдағы Педагогикалық өлшеулер институтымен (Citо) жүргізілді.    

2 күн. Жаратылыстану-математикалық ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау тесті.

          Қабілеттілік тесттің ықтимал ең жоғарғы балы 134 балға тең, оның ішінде:

1     тарау «Сандық сипаттамалар» - 60 балл;

2     тарау «Кеңістікте ойлау» - 74 балл.

Қабілеттілік тесттің нәтижелерін өңдеу АҚШ-дағы Джонс Хопкинс

Университетінің Дарынды жастар орталығымен (CTY) жүргізілді.  

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №317 қаулысының 9 тармағына сәйкес «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның қарауына келесі үміткерлер:

-      пәндік тест бойынша математикадан ықтимал ең жоғары балдың 140 балл және одан да көпті құрайтын, яғни отыз бес және одан да көп пайызын жинағандар;

-       қабілеттілік тест бойынша сандық сипаттамалардан ықтимал ең жоғары балдың 24 және одан да көп балынқұрайтын, яғни қырық және одан да көп пайызын жинағандар жіберіледі. 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №317 қаулысының 10 тармағына сәйкес Республикалық комиссия«Өркен» білім беру грантын 7-сыныпта оқуға үміткерлерге грант тағайындағанда нақты Зияткерлік мектептер бойынша бөлінген бос орындар шеңберінде келесі тұлғаларға

-     пәндік тест бойынша анағұрлым жоғары балл жинағандар;

-     пәндік тест бойынша жалпы балл саны тең болған жағдайда, математика бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі;

-   үміткерлердің математика бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тест бойынша неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі.

 Іріктеу өткен қалалар бойынша нәтижелер:

Астана

Астана ФМБ

Қарағанды

Көкшетау

Павлодар

Семей

Өскемен

Талдықорған

Ақтөбе

Атырау

Орал

Тараз

Қызылорда

Шымкент ФМБ

Шымкент ХББ


Қаралым: 10398
Жарияланған: 09 Сәуір