Конкурс жөнінде хабарлама

Зияткерлік мектептеріне конкурстық іріктеу


Ата-аналар мен үміткерлердің назарына. 2013 жылдың 22 – 23 маусымында Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Тараз, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында 2013-2014 оқу жылында білім алу үшін конкурстық іріктеу өтеді.  

Тестілеу келесі мекен-жайларда жүргізіледі:

  • Ақтөбе қаласы, Батыс 2 ш/а, 26 участок, Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Атырау қаласы,  Баймұханов көшесі, 45А, Мұнай және газ институты
  • Қарағанды қаласы, Шахтер даңғылы  62, Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 40,  Қорқыт Ата ат. ҚМУ, №1 корпус
  • Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64, С.Торайғыров ат. ПМУ, бас корпус
  • Тараз қаласы, Төле би көшесі 66, Жамбыл политехникалық колледжі
  • Шымкент қаласы (физико-математика бағыттағы Зияткерлік мектеп): Ақжайық ш/а, Элитный городок көшесі, 6 қатар, Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тіркеудің басталуы сағат 09.00 (Астана уақыты)

Тесттің басталуы сағат 10.00 (Астана уақыты)

Үміткер өзімен бірге:

  • қара сиялы қалам (гелді сия болмайды).
  • ЖИН көшірмесі

Қаралым: 7289
Жарияланған: 04 Маусым