Конкурс жөнінде хабарлама

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне мұғалімдерді қабылдау конкурсы


 

Ақтөбе қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жалпы білім беретін пәндер бойынша мұғалімдерді қабылдау конкурсы 2013  жылдың 22 - 23 қаңтар аралығында жарияланады.


Конкурс үш турдан тұрады: бірінші тур - тест тапсыру; екінші тур – шығармашылық, үшінші тур - сұхбат. Кандидаттардың өздерімен бірге мұғалім портфолиосы мен фото жабыстырылған түйіндемесінің болуы шарт.


Конкурс 2013 жылдың 22 - 23 қаңтар аралығында, сағат 10, Ақтөбе қаласы, Батыс-2 шағын ауданы, Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтеді.


Қазақ және орыс тілдерінде сабақ беретін математика, информатика, география, қазақ тілінде сабақ беретін физика, өзін-өзі тану, графика және жобалау мұғалімдері, кітапханашы, IT-мамандары (3 адам) қабылданады. Барлық мәселелер бойынша Астана қаласындағы 8 (7172) 70-57-44, 70-57-26 телефондары арқылы хабарласа аласыз.


Қаралым: 3482
Жарияланған: 10 Қаңтар