«Салынып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептер дирекциясы» жеке мекемесі 2011 жылдың 9 тамызында құрылды. Дирекцияның құрылтайшысы «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы болып табылады.
2018 жылдың 8 қаңтарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Басқармасының 2017 жылдың 29 қарашадағы (№61 хаттама) шешімі негізінде «Салынып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептер дирекциясы» ЖМ атауы « NIS Service» жеке мекемесі етіп өзгертілді.
«NIS Service» жеке мекемесінің қызметінің негізгі мақсаты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның және оның нысандарына қызмет көрсету бойынша сервистік қызметтер кешенін қамтамасыз ету болып табылады.
«NIS Service» жеке мекемесіның қызметінің мәні:
1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және оның филиалдарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
2) «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ және оның ұйымдары нысандарының инженерлік жүйелеріне және ғимараттарына күрделі және ағымдағы жөндеулерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
3) «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ және оның ұйымдары нысандарының құрылыстарын қамтамасыз ету және жүргізу;
4) Құрылыс-монтаждау, жобалау-зерттеу, арнайы және басқа жұмыстар мен қызметтерді орындауға келісім шарттарды жасау кезінде «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ-ның атынан тапсырушы ретінде орындау;
5) «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ және оның ұйымдарының нысандары ғимараттарының энергетикалық аудитінің, техникалық аудитінің, энергетикалық саратаптаманың және инжирингтік қызметерінің тұрақтылығы мен сенімділігін техникалық тексеру бойынша сараптамалық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру ;
6) Кепілдікті пайдалану кезіндегі жұмыстардың сапасын бақылау;
7) Қонақүйлік қызмет көрсету.
Заңды мекен-жай: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» аданы, Түркістан көшесі, 2/1 үй.
Мекеменің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы Хусейн бен Талал көш., 21/1 үй
Телефон: 8 (7172) 23 58 24
E-mail: Service@nis.edu.kz